Құжат мәтініне өту

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Жамбылскому району

Өзге акт · № 53-347 · қабылданған 09.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96892/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Жамбылскому району Күшін жойған Өзге акт ·№ 53-347 ·09.11.2015
25.05.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении единых ставок фиксированного налога по Жамбылскому району

Күшін жойған Өзге акт ·№ 53-347 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении единых ставок фиксированного налога по Жамбылскому району
Атауы (қаз.)
Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53-347
Қабылданған күні
09.11.2015
Көрсетілген редакция
25.05.2018 96892_330807.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15DG003591
ЭКБ идентификаторы
96892
Редакция идентификаторы
96892_330807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:42

0 Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай

тіркелген салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Жамбыл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.

2

2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша) Құралбаев Қанат Сыбанбайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Жамбыл аудандық мәслихатының

2015«____»_____________жылғы
«Жамбыл аудыны бойынша бірыңғай
тіркелген салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» № _______
шешіміне қосымша
Қызметін Жамбыл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Рет. №
Салық салу объектісінің атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіші)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
4
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
6
3.
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Ойын жолы
30
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
9

Қолданыстағы