Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке

Бұйрық · № 702 · қабылданған 07.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96951/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке Қолданыста Бұйрық ·№ 702 ·07.12.2015
07.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке

Қолданыста Бұйрық ·№ 702 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке
Атауы (қаз.)
Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
702
Қабылданған күні
07.12.2015
Көрсетілген редакция
07.12.2015 96951_40385.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012504
ЭКБ идентификаторы
96951
Редакция идентификаторы
96951_40385
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:14

0 Сұйытылған мұнай газын

ішкі нарықта көтерме саудада
өткізудің шекті бағасын бекіту туралы
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2016 жылғы 31 наурызды қоса алған кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 11 033,91 теңге (он бір мың отыз үш теңге тоқсан бір тиын) мөлшерiнде бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетің атқарушы
______________ М. Құсайынов
15 желтоқсан 2015 жыл

Қолданыстағы