Құжат мәтініне өту

Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих сферы геологии и недропользования

Бұйрық · № 1103 · қабылданған 26.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-96952/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих сферы геологии и недропользования Қолданыста Бұйрық ·№ 1103 ·26.11.2015
26.11.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих сферы геологии и недропользования

Қолданыста Бұйрық ·№ 1103 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих сферы геологии и недропользования
Атауы (қаз.)
Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1103
Қабылданған күні
26.11.2015
Көрсетілген редакция
26.11.2015 96952_40874.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012531
ЭКБ идентификаторы
96952
Редакция идентификаторы
96952_40874
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:25

0 Геология және жер қойнауын пайдалану

саласындағы азаматтық қызметшілер
лауазымдарының тізілімін
бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Е.Ы. Байтұқбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерін ресми жариялауға баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының ), ) және да көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы З.С. Сағыновқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
___________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы ___ қараша

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы
26 қараша
№ 1103 бұйрығымен
бекітілген
Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы
азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Бөлім
Саты
Лауазымдарының атауы
А блогы - Басқарушы персонал
А1
1
Республикалық маңызы бар ММ* басшы
1-1
Республикалық маңызы бар ММ* басшының орынбасары
А2
1
Республикалық маңызы бар ММ* Бас бухгалтері
2
Республикалық маңызы бар ММ* қызметінің (басқарманың) басшысы
А3
1
Республикалық маңызы бар ММ* бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы
3
Республикалық маңызы бар ММ* жетекші инженері
3-1
Республикалық маңызы бар ММ* аға инженері
В блогы - Негізгі персонал
В2
1
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санаттағы инженер
2
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы инженер
3
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы инженер
4
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ инженер, жүйе әкімшісі
С блогы – Әкімшілік персонал
С1
Мұрағат меңгерушісі, бас редактор, бас жүйе әкімшісі
С2
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: кадрлар жөніндегі инспектор, заңгер, экономист, редактор, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, аудармашы, әдіскер
С3
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: кадрлар жөніндегі инспектор, заң кеңесшісі, экономист, редактор, бухгалтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, шаруашылық меңгерушісі, қойма меңгерушісі
D блогы - Қосалқы персонал
D
Техникалық орындаушылар: хатшы, іс жүргізуші, мұрағатшы
Ескертпе:
* - ММ – мемлекеттік мекеме;

1 Геология және жер қойнауын

пайдалану саласындағы азаматтық
қызметшілер лауазымдарының
тізіліміне қосымша
Басқару жауапкершілігінің дәрежесіне байланысты республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар ұйымдарда геология және жер қойнауын пайдалану саласының мемлекеттік мекемелерінің таралуы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі республикалық манызы бар мекемелерге жатады.

Қолданыстағы