Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мереке» Уштобинского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории крестьянского хозяйства «Мереке» Уштобинского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Үштөбе ауылдық округіндегі «Мереке» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47/01
- Қабылданған күні
- 03.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2016 96991_120261.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KK003571
- ЭКБ идентификаторы
- 96991
- Редакция идентификаторы
- 96991_120261
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:18
0 Үштөбе ауылдық округіндегі
«Мереке» шаруа қожалығы аумағында
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және 2015 жылғы 19 қарашадағы №06-3-02-33/796 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты, Үштөбе ауылдық округіндегі «Мереке» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Бұқар жырау
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекеменің басшысы
_____________ Е. Садиров
2015 жылғы «____» __________