О присвоении наименовании новым улицам в селах Бельбулак, Бирлик Бельбулакского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименовании новым улицам в селах Бельбулак, Бирлик Бельбулакского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Белбұлақ ауылдық округіндегі Белбұлақ, Бірлік ауылдарындағы жаңа көшелерге атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 06.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2015 97003_47902.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DRB03593
- ЭКБ идентификаторы
- 97003
- Редакция идентификаторы
- 97003_47902
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:42
0 Белбұлақ ауылдық округіндегі
Белбұлақ, Бірлік ауылдарындағы
жаңа көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Белбұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Белбұлақ ауылдық округінің Белбұлақ ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Белбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге «Қасым Қайсенов», екінші көшеге «Хиуаз Доспанова»,
2. Белбұлақ ауылдық округінің Бірлік ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Бірлік ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан бірінші көшеге «Мәлік Ғабдуллин», екінші көшеге «Сұлтан Баймағамбетов», үшінші көшеге «Нүркен Әбдіров», төртінші көшеге «Төлеген Тоқтаров».
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Белбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Сарғожаев Қазтай Нұрсадықұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.