О присвоении наименовании новым улицам села Туздыбастау Туздыбастауского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименовании новым улицам села Туздыбастау Туздыбастауского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 24.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 97007_41266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DRF03663
- ЭКБ идентификаторы
- 97007
- Редакция идентификаторы
- 97007_41266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:37
0 Тұздыбастау ауылдық
округі Тұздыбастау ауылының
жаңа көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Тұздыбастау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1 1) Тұздыбастау ауылының солтүстік-шығысында орналасқан тоғызыншы көшеге «Қасым Қайсенов», он бірінші көшеге «Мәлік Ғабдуллин», он үшінші көшеге «Хиуаз Доспанова», он жетінші көшеге «Рақымжан Қошқарбаев», жиырмасыншы көшеге «Талғат Бигелдинов»;
2 2) Тұздыбастау ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан сегізінші көшеге «Нүркен Әбдіров»;
3 3) Тұздыбастау ауылының солтүстік-батысында орналасқан сегізінші көшеге «Сағадат Нұрмағамбетов».
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3
3. «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Калмурзаева Жанар Жумагалиевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.