О присвоении наименовании новым улицам села Туздыбастау Туздыбастауского сельского округа
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименовании новым улицам села Туздыбастау Туздыбастауского сельского округа
- Атауы (қаз.)
- Тұздыбастау ауылдық округі Тұздыбастау ауылының жаңа көшелеріне атау беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 24.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2015 97007_41266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DRF03663
- ЭКБ идентификаторы
- 97007
- Редакция идентификаторы
- 97007_41266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:37
0 Тұздыбастау ауылдық
округі Тұздыбастау ауылының
жаңа көшелеріне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Тұздыбастау ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұздыбастау ауылдық округінің Тұздыбастау ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Тұздыбастау ауылының солтүстік-шығысында орналасқан тоғызыншы көшеге «Қасым Қайсенов», он бірінші көшеге «Мәлік Ғабдуллин», он үшінші көшеге «Хиуаз Доспанова», он жетінші көшеге «Рақымжан Қошқарбаев», жиырмасыншы көшеге «Талғат Бигелдинов»;
2) Тұздыбастау ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан сегізінші көшеге «Нүркен Әбдіров»;
3) Тұздыбастау ауылының солтүстік-батысында орналасқан сегізінші көшеге «Сағадат Нұрмағамбетов».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. «Талғар ауданының Тұздыбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Калмурзаева Жанар Жумагалиевнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.