Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде

Бұйрық · № 18-02/1057 · қабылданған 03.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97022/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/1057 ·03.12.2015
03.12.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/1057 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде
Атауы (қаз.)
Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-02/1057
Қабылданған күні
03.12.2015
Көрсетілген редакция
03.12.2015 97022_40999.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012518
ЭКБ идентификаторы
97022
Редакция идентификаторы
97022_40999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:18

0 Жеке және заңды тұлғалардың

орман қоры туралы ақпаратты
пайдалану қағидаларын бекіту туралы
2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің Қазақстан Республикасы
58-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 18-02/1057 бұйрығымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы
ақпаратты пайдалану қағидалары

1 1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидалары 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 58-бабы 2-тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке мен заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

2

2. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және (немесе) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары алған өзге де деректердi қамтиды.

3 3. Орман қоры туралы ақпаратты сақтауды, пайдалануды және оған иелiк етудi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган, оның тиісті ведомствосы, аумақтық органдары және ведомствоның ведомстволық бағыныстағы ұйымдары жүзеге асырады.

4 4. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалануды келесі ұйымдар жүзеге асырады:

1 1) аумақтарды дамытуды жоспарлау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу, орман пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлемақыны есептеу және орман шаруашылығы саласындағы басқа да мәселелер бойынша – мемлекеттiк органдар;

2 2) жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша жобалау-iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;

3 3) жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

5 5. Мемлекеттiк құпиялар және өзге де шектеулер қамтылмаған орман қоры туралы мәлiметтер жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға олардың жазбаша өтiнiмдерi бойынша берiледi.

6

6. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағаз немесе электронды тасымалдағыштарда стандартты түрде ресiмделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды aлу, сондай-ақ байланыстың техникалық телекоммуникациялық құралдарын қолдана отырып, деректер банкіне тiкелей рұқсат етiлген қолжетiмдiлiк нысанында жүзеге асырылады.

7 7. Орман қоры туралы жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпарат көбейтiлуге жатпайды (бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудан басқа) және:

материалдарды ашық баспасөзде жариялау;
оларды радио мен теледидар арқылы беру;
халықаралық, шетелдiк және ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету;
кинофильмдерде көрсету;
мұражайларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қою;
жұрт алдында диссертация қорғау;
қоғамдық ұйымдардың талдамалық шолуларында қолдану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

8 8. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы