Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде

Бұйрық · № 18-02/1057 · қабылданған 03.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97022/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/1057 ·03.12.2015
03.12.2015 редакциясы
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде

Қолданыста Бұйрық ·№ 18-02/1057 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования физическими и юридическими лицами информации о лесном фонде
Атауы (қаз.)
Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18-02/1057
Қабылданған күні
03.12.2015
Көрсетілген редакция
03.12.2015 97022_40999.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012518
ЭКБ идентификаторы
97022
Редакция идентификаторы
97022_40999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:18

0 Жеке және заңды тұлғалардың

орман қоры туралы ақпаратты
пайдалану қағидаларын бекіту туралы
2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің Қазақстан Республикасы
58-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 18-02/1057 бұйрығымен
бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы
ақпаратты пайдалану қағидалары

1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағидалары 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 58-бабы 2-тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке мен заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

2. Орман қоры туралы ақпарат орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi, орман орналастыру деректерiн және орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) және (немесе) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары алған өзге де деректердi қамтиды.

3. Орман қоры туралы ақпаратты сақтауды, пайдалануды және оған иелiк етудi орман шаруашылығы саласындағы уәкілеттi орган, оның тиісті ведомствосы, аумақтық органдары және ведомствоның ведомстволық бағыныстағы ұйымдары жүзеге асырады.

4. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалануды келесі ұйымдар жүзеге асырады:

1) аумақтарды дамытуды жоспарлау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiнде бағдарламалар әзiрлеу, орман пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану үшiн төлемақыны есептеу және орман шаруашылығы саласындағы басқа да мәселелер бойынша – мемлекеттiк органдар;

2) жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн бастапқы деректер алу мәселелерi бойынша жобалау-iздестiру, ғылыми-зерттеу ұйымдары;

3) жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

5. Мемлекеттiк құпиялар және өзге де шектеулер қамтылмаған орман қоры туралы мәлiметтер жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады және мүдделi жеке және заңды тұлғаларға олардың жазбаша өтiнiмдерi бойынша берiледi.

6. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалану қағаз немесе электронды тасымалдағыштарда стандартты түрде ресiмделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды aлу, сондай-ақ байланыстың техникалық телекоммуникациялық құралдарын қолдана отырып, деректер банкіне тiкелей рұқсат етiлген қолжетiмдiлiк нысанында жүзеге асырылады.

7. Орман қоры туралы жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпарат көбейтiлуге жатпайды (бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудан басқа) және:

материалдарды ашық баспасөзде жариялау;
оларды радио мен теледидар арқылы беру;
халықаралық, шетелдiк және ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету;
кинофильмдерде көрсету;
мұражайларға, көрмелерге, жәрмеңкелерге қою;
жұрт алдында диссертация қорғау;
қоғамдық ұйымдардың талдамалық шолуларында қолдану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

8. Орман қоры туралы ақпаратты пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы