Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по городу Текели
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по городу Текели
- Атауы (қаз.)
- Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 360
- Қабылданған күні
- 07.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 06.12.2017 97031_267232.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DC003662
- ЭКБ идентификаторы
- 97031
- Редакция идентификаторы
- 97031_267232
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:15
0 Текелі қаласы бойынша мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы
қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу
мөлшерін бекіту туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін .
2 2. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Игембаева Зухра Қантайқызы заңмен белгіленген тәртіп бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысының орналастыруын қамтамасыз етсін.
3
3. Текелі қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы «Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 20 маусымында № 2757 болып тіркелген, «Текелі тынысы» газетінде 2014 жылдың 24 сәуірінде № 17 (3228) жарияланған) №118 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4
4. «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Игембаева Зухра Қантайқызына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Текелі қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Текелі қаласы әкімдігінің 2015 жылғы " " ________ "
«Текелі қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан
басына шаққандағы қаржыландырудың, ата-ананың ақы
төлеу мөлшерін бекіту туралы» №____ қаулысына
қосымша
Текелі қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын , жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың
ақы төлеу мөлшері
№ р/с
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық оргаласуы ( қала)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі (мың теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (тенге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)
1
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 1 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
7405
15427
8000
2
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
7903
16465
8000
3
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
180
37390
17310
8000
4
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
120
27853
19342
8000
5
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30
5180
14389
6500
6
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15
2677
14872
6500
7
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 2 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15
1006
16766
6500
8
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15
1006
16766
6500
9
«Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
15
1006
16766
6500
10
Жеке кәсіпкер «Ержанов» балабақшасы
65
9438
12100
14000
Текелі қаласы бойынша
535
100864
15711
7727