Об утверждении Правил представления отчетности и сведений крупными участниками банков и банковскими холдингами Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін бекіту туралы Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 41 қаулысымен. Шоғырландырылған банктік қадағалауды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесі бекітілсін және Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулыны және Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесі күшіне енгізілген күннен бастап 30 күн ішінде Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесінің талаптары қолданылатын тұлғалар соңғы есепті күнге қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесінде көзделген қаржылық есеп пен мәліметтерді беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А.Марченкоға жүктелсін.
Басқа 7. БАНКТЕР МЕН БАНКТІК ХОЛДИНГТЕРДІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕП ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БЕРУ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген БАНКТЕР МЕН БАНКТІК ХОЛДИНГТЕРДІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕП ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕР БЕРУ ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы заң), "Бухгалтерлік есеп туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, сәйкес әзірленген және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) шоғырландырылған банктік қадағалауды жүзеге асыруы мақсатында банктердің және банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру тәртібін, нысанын және мерзімін белгілейді. Ескерту: Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен. 1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ірі қатысушылар және банктік холдингтер Қазақстан Республикасының резидент банктерін қоспағанда, қаржылық есепті және оған шоғырландырылған банктік қадағалауды жүзеге асыруға арналған қажетті мәліметтерді Банктер туралы заңда және осы Ережеде белгіленген мерзімде Ұлттық Банктің банктерді қадағалайтын бөлімшесіне ұсынады.
Тармақ 2. 2-тарау. Банктің немесе банктік холдингтердің ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есеп және мәліметтер беру тәртібі
2. Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының қаржылық есебіне уәкілетті орган бекіткен мынадай нысандар кіреді: бухгалтерлік баланс; қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп; ақша қозғалысы туралы есеп; түсіндірме жазба. 2-тарау. Банктің немесе банктік холдингтердің ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есеп және мәліметтер беру тәртібі
Тармақ 3
3. Банктің ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға тапсырады. Банктік холдинг келесі есепті тоқсандағы қырық бес күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны, сондай-ақ қаржы жылы аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті және оған түсіндірме жазбаны уәкілетті органға тапсырады. Ескерту: 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Банктің ірі қатысушысының жылдық қаржылық есебінің түсіндірме жазбасында, сондай-ақ банктік холдингтің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есебінің түсіндірме жазбасында мынадай ақпарат көрсетілуі тиіс:
Тармақша 1
1) ірі қатысушының (банктік холдингтің) қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, онда мынадай ақпарат болуы тиіс: банктің осы банкке қатысты банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдарға қатысты есеп айырысу-касса қызмет көрсетуін қоспағанда жасалу мақсатын көрсете отырып осы Ережеге сәйкес есепті кезеңде жүзеге асырылған барлық маңызды операциялары туралы. Акцияларға орналастырылған активтерді және басқа адамдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесін есептемегенде жасалу күніне банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының меншік капиталының он және одан да көп проценті болатын операциялар маңызды болып танылады; банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушыларына банктің есеп-айырысу касса қызмет көрсетуін қоспағанда банк және банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы арасындағы барлық басқа да операциялар, сондай-ақ осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес банк және банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы бірлесіп қатысатын барлық операциялар туралы;
Тармақша 2
2) банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысына қатысты қатысушы болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталына қатысу мөлшері және үлесі (осы Ереженің NN 2 және 3 қосымшаларына сәйкес), олардың қызмет түріне немесе түрлеріне сипаттама, ірі қатысушы (банктік холдинг) ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдардың қаржылық есебі, сондай-ақ: шарт бойынша банктің шешіміне бірлесіп ықпал етуге байланысты немесе басқаша түрде, оның ішінде міндетті түрде осындай ықпалды жүзеге асыру мүмкіндігін белгілейтін өкілеттіктер берілуінің сипаттамасы бар барлық ақпарат; банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының лауазымдық тұлғалары туралы, оның ішінде банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысы болып табылатын ұйымда және осы Ереженің N 4 қосымшасына сәйкес оларға кез келген ұйымда тікелей немесе жанама тиесілі қатысу үлестерін (акцияларын) көрсете отырып көрсетілген адамдардың қызметтерінің сипаттамасы бар барлық ақпарат; ірі қатысушының (банктік холдингтің) осы Ереженің N 5 қосымшасына сәйкес заем сомасы және сатып алынған қатысу үлесін (акцияларын) міндетті түрде көрсете отырып заемдардың есебінен сатып алынған басқа ұйымдарда қатысу үлестерін (акцияларын) сатып алуына байланысты барлық ақпарат; ірі қатысушы (банктік холдинг) қатысушы болып табылатын (болып табылған), оның ішінде басқа адамдармен бірлесіп, оның ішінде мынадай ақпараты бар, ұйымдар тізбесінің есепті кезеңде өзгеруімен байланысты барлық ақпарат; ірі қатысушы (банктік холдинг) қатысушы болып табылатын (болып табылған) ұйымдардың қатысу үлестерін (акцияларын) сатып алу (ие болу) мақсаттары туралы; мәміле сомалары туралы; мәміленің қаржылық нәтижелері туралы. Осы ақпаратта банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының жарғылық капиталында есепті кезеңдегі қатысуы уақытша болған және есепті күнге N 6 қосымшаға сәйкес тоқтатылған барлық ұйымдар туралы мәліметтер болуы тиіс;
Тармақша 3
3) банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының қатысушысы болып табылатын әрбір ұйымның атауы, сондай-ақ банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының жарғылық капиталына қатысатын ұйымның ірі қатысушылары болып табылатын барлық адамдардың тізбесі, қатысу мөлшері және үлесі (акциялары), қызмет түрі немесе түрлерінің сипаттамасы және банктің (банктік холдингтің) ірі қатысушысының ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдардың шоғырландырылған қаржылық есебі.
Тармақ 5
5. (Банктік холдингтің) ірі қатысушысының қаржылық есебіне түсіндірме жазбада осы Ереженің 4-тармағында атап көрсетілген мәліметтерден басқа ақпараттың толық ашылуына қажетті шоғырландырылған есепті жасау жөніндегі жұмыс кестелері және (банктік холдингтің) ірі қатысушысының шоғырландырылған қаржылық есебіне енгізілген (банктік холдингтің) ірі қатысушысының еншілес және тәуелді ұйымдарының тиісінше ресімделген (бірінші басшы және бас бухгалтер қол қойған, сондай-ақ ұйымның мөрімен бекітілген) қаржылық есебі баптарының талдамаларын қоса отырып шоғырландырылған қаржылық есебін жасау әдістерінің толық сипаттамасы болуы тиіс.
Тармақ 6. 3-тарау. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалардың мәліметтер беру тәртібі
6. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке жүргізілген аудит туралы есептің көшірмелерін және аудит ұйымының ұсынымдары мыналар: осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде банктік холдинг; осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде банктік холдинг ірі қатысушы болып табылатын ұйымдардың шоғырландырылған жылдық қаржылық есебінің нысандарымен бірге банктік холдинг ірі қатысушы болып табылатын ұйымдар уәкілетті органға ұсынуы тиіс. Ескерту: 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен. 3-тарау. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалардың мәліметтер беру тәртібі
Тармақ 7
7. Банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін тоқсан күн ішінде N 7 қосымшаға сәйкес уәкілетті органға кірісі мен мүлкі туралы мәліметтер ұсынады. Салық заңнамасына сәйкес салық қызметі органдарына кірісі туралы декларацияны ұсынған жағдайда банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар қаржылық жыл аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде салық қызметі органының оны қабылдау туралы белгісі бар декларацияның нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуы тиіс. Ескерту: 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысымен.
Тармақ 8
8. Кірісі мен мүлкі туралы мәліметтерге, сондай-ақ банктің ірі қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалардың кірісі туралы декларациясына міндетті түрде олар қол қойған мынадай мәліметтер қоса берілуі тиіс:
Тармақша 1
1) жеке тұлғаның басқа тұлғалармен бірлесіп олардың арасындағы шарт бойынша банктің шешіміне ықпалы туралы немесе басқаша түрде, оның ішінде міндетті түрде осындай ықпалды жүзеге асыру мүмкіндігін белгілейтін өкілеттіктер берілуінің сипаттамасы бар барлық ақпарат;
Тармақша 2
2) осы Ереженің N 8 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның кез келген ұйымдарда қатысу үлесін (акцияларын) көрсете отырып жеке тұлғаның атқаратын қызметтері туралы барлық ақпарат;
Тармақша 3
3) осы Ереженің N 5 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін (акцияларын) алынған заемдар есебінен сатып алуы туралы барлық ақпарат;
Тармақша 4
4) осы Ереженің N 9 қосымшасына сәйкес жеке тұлғаның жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) және жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інілері, апа-қарындастары туралы барлық ақпарат, оның ішінде: аты-жөні, әкесінің аты; жеке тұлғаның жақын туыстары, жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары оларға қатысты лауазымдық тұлғалар болып табылатын ұйымдардың атауы, атқаратын қызметін көрсете отырып; жеке тұлғаның жақын туыстарына, жеке тұлғаның жұбайына (зайыбына), жұбайының (зайыбының) жақын туыстарына тиесілі кез келген ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (акциялары);
Тармақша 5. 4-тарау. Қорытынды ережелер
5) осы Ереженің № 6 қосымшасына сәйкес жеке тұлға қатысушы болып табылатын (болып табылған) ұйымдар тізбесінің есепті кезеңде өзгеруіне байланысты барлық ақпарат, оның ішінде: мәміле (мәмілелер) сомасы; мәміленің (мәмілелердің) қаржылық нәтижесі. 4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 9
9. Банктер осы Ережеге сәйкес банктің ірі қатысушыларының, банктік холдингтердің және олардың ірі қатысушыларының уақтылы және толық ақпарат ұсынуына ықпал етеді.
Тармақ 10
10. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес шешіледі.
Басқа 26. МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ БАСҚА ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 1 қосымша МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ БАСҚА ОПЕРАЦИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 1. ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ Ұйымның атауы__________________________________________________ Почталық мекен-жайы____________________________________________ Мекен-жайы_____________________________________________________ тел.:___________________________ факсы:________________________ 2. МАҢЫЗДЫ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ Операцияның Сомасы (мың) Контрагенттің Қаржылық түрі (операция атауы нәтижесі (мың) жасалған (кіріс алынған) валютада көрсетіледі) ______________ ______________ ________________ ______________ 3. ________________ БАНКІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ банктің атауы Операциялардың Сомасы (мың) Мәміленің басқа Қаржылық түрі (операция қатысушыларының нәтижесі жасалған (кіріс атауы (мың) алынған) валютада көрсетіледі) _______________ ________________ ________________ __________ _______________ ________________ ________________ __________ _______________ ________________ ________________ __________ 4. ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР (АҚПАРАТТЫ ТОЛЫҚ АШУҒА ҚАЖЕТТІ БАРЛЫҚ БАСҚА МӘЛІМЕТТЕР КӨРСЕТІЛЕДІ) Бірінші басшы ________________ Бас бухгалтер ________________ қолы қолы МО Есепті жасау күні: Орындаушы: ______________ ________________ тел.: ________________ қолы (аты-жөні)
Басқа 27. БАСҚА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛҒА ҚАТЫСУЫ ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 2 қосымша БАСҚА ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛҒА ҚАТЫСУЫ ЖӨНІНДЕ МӘЛІМЕТТЕР 1. ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ       Ұйымның атауы_________________________________________________       Почталық мекен-жайы___________________________________________       Мекен-жайы____________________________________________________       тел.:__________________________ факсы:________________________       2. БАНКПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС      _ 2.1. Ірі қатысушы         _ Жеке тұлға    _ Тікелей қатысу      _ 2.2. Холдингтік компания  _ Заңды тұлға   _ Жанама қатысу       3. ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ      Қатысушының атауы   Қатысу           Қатысу үлесі (акциялар)                          сомасы                                             Жеке         Бірге      ________________ ________________ _____________ ______________                       _____________   _______________   __________      _______________ |_____________| |_______________| |__________|                       _____________   _______________  ___________     _______________  |_____________| |_______________| |__________|       4. ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒА ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЙЫМДАР       ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ      Қатысушының атауы   Қатысу           Қатысу үлесі (акциялар)                          сомасы                                             Жеке         Бірге      ________________ ________________ ______________ _____________                       _____________   _______________ _____________      _______________ |_____________| |_______________||___________|                       _____________   _______________  ___________      _______________ |_____________| |_______________||___________|      Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер ________________                         қолы                            қолы       МО      Есепті жасау күні:      Орындаушы:      ______________   ________________ тел.: ________________          қолы            (аты-жөні)
Басқа 28. БАНКТІҢ (БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ) ІРІ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 3 қосымша БАНКТІҢ (БАНКТІК ХОЛДИНГТІҢ) ІРІ ҚАТЫСУШЫСЫНЫҢ ҰЙЫМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУ КЕСТЕСІ (есеп беруші тұлғаға толық құрылымды                  ұсыну қажет, шартты болып табылады)                 ______________           ______________                 | 2. Қатысушы |          | 1. Қатысушы |                 ______________           ______________                        |                       |                        | 22%                   |  10%                 ______________          _____________________                 | 4. Қатысушы |         | 3. Банктік холдинг |                 ______________          _____________________                   |          |           |               |                   | 15%      | 10%       | 51%           |10% ___________________________  |           | ________________________ |   6. Жарғылық капиталына | |___________| |7. Жарғылық  капиталына| |қатысушы банк қатысушы    | |  5. Банк  | |банктік холдинг қатысу.| |болып табылатын ұйым      | |___________| |шы болып табылатын ұйым| |__________________________|               |_______________________|     Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер ________________                      қолы                            қолы         МО      Есепті жасау күні:      Орындаушы:      ______________   ________________ тел.: ________________          қолы            (аты-жөні)
Басқа 29. БІРІГЕ ОТЫРЫП БАНКТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 4 қосымша БІРІГЕ ОТЫРЫП БАНКТІҢ ІРІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҰЙЫМДАРДЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ Ұйымның атауы ______________________________________________________ Почталық мекен-жайы ________________________________________________ Мекен-жайы _________________________________________________________ тел.:___________________________ факсы:____________________________ Лауазымды    Банктік хол. Атқаратын   Басқа   Қатысу    Лауазымды тұлғаның       дингтің      қызметі   ұйым.   сомасы     тұлғаға аты-жөні     (банктің ірі             дардың            тиесілі (есеп беруші қатысушысы.              атауы              қатысу ұйымдардың   ның) атауы                                   үлесі барлық                                                  (акциясы) лауазымды тұлғалары көрсетіледі) ____________ ____________ ___________ ______ __________ ___________                                                      Тікелей  Жанама                                                      ________ ______                                         _____  _____ _______  _____ __________________ _____________ ______|_____||_____||______||____|                                         _____  _____ _______  _____ _________________ ____________________ |_____||_____||______||____|     Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер ______________                      қолы                            қолы     МО Есепті жасау күні: Орындаушы: ______________   ________________ тел.: ________________     қолы            (аты-жөні)
Басқа 30. ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН ИЕЛЕНУ ҮШІН ЗАЕМДАР ҰСЫНУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 5 қосымша ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН ИЕЛЕНУ ҮШІН ЗАЕМДАР ҰСЫНУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ      Ұйымның атауы__________________________________________________      Почталық мекен-жайы____________________________________________      Мекен-жайы_____________________________________________________      тел.:________________________ факсы:_________________________    Заем беруші  Заем алған   Заемның   Ұйымдардың, жеке   Сатып    ұйымның      ұйымның      сомасы    тұлғалардың сатып  алынған    (жеке        атауы (аты-            алған заемдарының, акциялар.    тұлғаның)    жөні)                  банк акцияларының  дың үлесі     атауы                                сомасы    ____________ ___________ ___________ ________________  _________                                         ________________  _________    __________  _____________ __________|_______________|  |________|                                         _______________   _________    __________  _____________ __________|_______________|  |________|    __________  _____________ __________ _______________    ________    __________  _____________ __________|_______________|  |________|     Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер ________________                        қолы                            қолы           МО      Есепті жасау күні:      Орындаушы:      ______________   ________________ тел.: ________________          қолы            (аты-жөні)
Басқа 31. УАҚЫТША ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 6 қосымша УАҚЫТША ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЕСЕП БЕРУШІ ҰЙЫМ (ЖЕКЕ ТҰЛҒА) ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ Ұйымның атауы ______________________________________________________ Почталық мекен-жайы ________________________________________________ Мекен-жайы _________________________________________________________ тел.:___________________________ факсы:____________________________ Ұйымның атауы  Қатысу кезеңі  Қатысу үлесі  Мәміле сомасы  Қаржы                (сатып алу     (акциясы)                    нәтижесі                 күні, сату                                 (мың)                 күні) _____________ _______________ _____________ _____________ _________              ______________   ____________   ____________  ________  __________  |_____________| |____________| |____________| |_______|               ______________   ____________   ____________  ________  __________  |_____________| |____________| |____________| |_______|               ______________   ____________   ____________  ________  __________  |_____________| |____________| |____________| |_______|     Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер ________________                        қолы                            қолы           МО      Есепті жасау күні:      Орындаушы:      ______________   ________________ тел.: ________________          қолы            (аты-жөні)
Басқа 32. БАНКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІ МҮЛКІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 7 қосымша БАНКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ КІРІСТЕРІ МҮЛКІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР Аты-жөні ___________________________________________________________ Жеке куәлік (төлқұжат)______________________________________________                         (сериясы, номері, кім және қашан берді) Почталық мекен-жайы_________________________________________________ Тұрғылықты мекен-жайы_______________________________________________ тел.: үй _________________________ қызмет___________________________ ____________________________________________________________________ N               Атауы                         Өлшем    Саны  Сомасы                                               бірлігі ____________________________________________________________________ 1.   Есеп беру кезеңінде алынған кірістер: 1.1. Жалақы                                              Х 1.2. Ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу               Х      үлесінен түскен дивидендтер мен кірістер 1.3. Салымдар бойынша сыйақы                             Х 1.4. Мүлікті жалға беруден түскен кіріс                  Х 1.5. Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс                  Х 1.6. Мүлікті сатудан түскен кіріс                        Х 1.7. Кірістің басқа түрлері                              Х 2.   Мүлік: 2.1. Ақша:                                               Х      ұлттық валютада, оның ішінде                        Х             қолма-қол                                    Х             банк есепшоттарында                          Х      шетел валютасында, оның ішінде                      Х             қолма-қол                                    Х             банк есепшоттарында                          Х 2.2. Бағалы қағаздар 2.3. Ұйымдардың, оның ішінде ҚР резидент           Х      еместерінің ұйымның жарғылық капиталына      қатысу үлестері (акциялар) (саны      төленген жарғылық капиталға проценттік      ара қатынаспен көрсетіледі) 2.4. Жылжымайтын мүлік 2.5. Басқа мүлік ____________________________________________________________________       Қолы       Күні
Басқа 33. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 8 қосымша ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР Аты-жөні __________________________________________________________ Почталық мекен-жайы________________________________________________ Тұрақты тұратын жері_______________________________________________ тел.: үй _________________________ факсы: _________________________ Ұйымның атауы   Атқаратын   Ұйымның атауы Қатысу Есеп беруші тұлғаға                  қызметі                            тиесілі қатысу                                                      үлесі (акция) _____________ ____________ ______________ ______ __________________                                                  Тікелей    Жанама                                                 _________ __________                           _____________  _______  _________ _______ ____________ _____________|____________||_______||________||_______|                            ____________  _______  ________  _______ ____________ _____________|____________||_______||________||_______|                            ____________  _______  ________  _______ ____________ _____________|____________||_______||________||_______| Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер _____________                  қолы                            қолы      МО Есепті жасау күні: Орындаушы:______________   ________________ тел.: ________________              қолы            (аты-жөні)
Басқа 34. БАНКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫНЫҢ (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ) ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ, АҒА-ІНІЛЕРІНІҢ, ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ) АПА-ҚАРЫНДАСТАРЫНЫҢ БАСҚА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒА ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 256 қаулысымен бекітілген Банктер мен банктік холдингтердің ірі қатысушыларының есеп және мәліметтер беру ережесіне N 9 қосымша БАНКТІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАҚЫН ТУЫСТАРЫНЫҢ (ата-анасы, жұбайы (зайыбы), аға-інілері, апа-қарындастары, балалары) ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ) ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ, АҒА-ІНІЛЕРІНІҢ, ЖҰБАЙЫНЫҢ (ЗАЙЫБЫНЫҢ) АПА-ҚАРЫНДАСТАРЫНЫҢ БАСҚА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНА ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЕСЕП БЕРУШІ ТҰЛҒА ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТ Аты-жөні  _______________________________________________________ Почталық мекен-жайы _____________________________________________ Тұрақты тұратын жері ____________________________________________ тел.: _________________________ Жақын туысының, Туыстық  Ұйымның   Жақын      Қатысу Жақын туысына жұбайының       дәрежесі атауы    туысының,   сомасы   жұбайына (зайыбының)                       жұбайының           (зайыбына) және жұбайының                   (зайыбының)         және жұбайының (зайыбының)                      және жұбайы.         (зайыбының) жақын туыстары.                   ның(зайы.          жақын туысына ның аты-жөні                     бының) жақын        тиесілі қатысу                                  туыстарының         үлесі (акциясы)                                   атқаратын                                  қызметтері ______________ _________ _______ ____________ ______ ______________                                                      Тікелей  Жанама                            ____________  _______  ________  _______ _____________ ____________|____________||_______||________||_______|                            ____________  _______  ________  _______ ____________ _____________|____________||_______||________||_______| Бірінші басшы ________________  Бас бухгалтер _____________                   қолы                            қолы      МО Есепті жасау күні: Орындаушы:______________   ________________ тел.: ________________               қолы            (аты-жөні)