О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 319
- Қабылданған күні
- 28.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2015 97289_42917.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15G000319A
- ЭКБ идентификаторы
- 97289
- Редакция идентификаторы
- 97289_42917
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:26
0 Жамбыл облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4 Облыс әкімі К. Көкрекбаев
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 319 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1
1. «Ауыл шаруашылығы саласындағы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 48 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 26 маусымда № 1963 болып тіркелген, 2013 жылғы 13 шілдеде «Ақ жол» газетінде жарияланған).
2 2. «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 49 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 12 сәуірде № 1916 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда «Ақ жол» газетінде жарияланған).
3
3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 73 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 мамырда № 2203 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырда «Ақ жол» газетінде жарияланған).
4
4. «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырда № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 шілдеде № 2265 болып тіркелген).
5
5. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 320 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда № 2425 болып тіркелген).
6
6. «2015 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 72 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 маусымда № 2657 болып тіркелген).