О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 334
- Қабылданған күні
- 31.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 97297_43016.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- D15G0000334
- ЭКБ идентификаторы
- 97297
- Редакция идентификаторы
- 97297_43016
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:17
0 Жамбыл облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4 Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы желтоқсандағы
№ қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі
1 1. «Өсімдік шаруашылығын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 03 маусымда № 1789 болып тіркелген, 2011 жылғы 04 маусымда «Ақ жол» газетінде жарияланған).
2
2. «Жамбыл обысы әкімиятының 2006 жылғы 24 ақпандағы «Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы» № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облыстық Әкімиятының 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 16 мамырда № 1640 болып тіркелген, 2006 жылғы 20 мамырда «Ақ жол» газетінде жарияланған).