Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков
- Атауы (қаз.)
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18
- Қабылданған күні
- 29.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2016 97310_124600.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012651
- ЭКБ идентификаторы
- 97310
- Редакция идентификаторы
- 97310_124600
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:24
0 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау
жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті:
1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатмәселелерінежетекшілік ететін орынбасарынажүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
8 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 18 бұйрығымен
бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
үлгілік қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 8-бабы 5 тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі
2 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.
3 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
4 4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.
5 5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің, ведомствосының, ведомстволық бағынысты ұйымның, аумақтық және оған теңестірілген бөлімшелерінің (бұдан әрі – бөлімше) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі болып табылады.
6 6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат болады:
1 1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;
2 2) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты;
3 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы;
4 4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі;
5 5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы.
7 7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің мерзімділігін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектілері айқындайды.
8 8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1 1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2 2) бөлімшенің ұыймдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
9 9.
10 10. Бөлімшенің ұыймдастырушылық-басқарушылық қызметідеп мынадай мәселелер түсініледі:
1 1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2 2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3 3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4 4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
5 5) бақылау функцияларын іске асыру;
6 6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
11 11. Мыналар:
1 1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2 2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
3 3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
4 4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
5 5) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
4 4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың қорытындылары
12 12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінішкі талдау нәтижелері бойынша мыналарды:
1 1) анықталған сыбайлас жемқорлық тауекелдері туралы ақпаратты;
2 2) оларды жою бойынша ұсынымдарды;
3 3) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
13 13. Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысқан лауазымды тұлғалармен, бөлімше басшылығымен келісіледі және оған осы Қағидалардың 6-тармағының 5тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлға қол қояды.
14 14. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою туралы ұсынымдар бар талдамалық анықтама қараужәне шаралар қолдану үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына ұсынылады.
15 15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерісыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсындаорналастырылады.
16
16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша соның ішінде алқа, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында, арнайы мемлекеттік органдарды және қоғамдық ұйымдарды қоспағанда,жария талқылауға жол беріледі.
17
17. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері жарты жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға есептік кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпаратты жолдайды.