Құжат мәтініне өту

Об утверждении норм площадей для специфических помещений Комитета геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и его территориальных подразделений

Бұйрық · № 775 · қабылданған 22.07.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97318/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении норм площадей для специфических помещений Комитета геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и его территориальных подразделений Қолданыста Бұйрық ·№ 775 ·22.07.2015
22.07.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении норм площадей для специфических помещений Комитета геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и его территориальных подразделений

Қолданыста Бұйрық ·№ 775 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении норм площадей для специфических помещений Комитета геологии и недропользования Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и его территориальных подразделений
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың нормаларын бекiту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
775
Қабылданған күні
22.07.2015
Көрсетілген редакция
22.07.2015 97318_63603.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012536
ЭКБ идентификаторы
97318
Редакция идентификаторы
97318_63603
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:00

0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың нормаларын бекiту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың нормалары бекiтілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 18 желтоқсан

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2015 жылғы 22 шілде № 775
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың нормалары
р/с №
Үй-жайдың атауы
Өлшем бірлігі
Үй-жайдың алаңы
1
2
3
4
1
Кернді (сыналар) сақтауға және ғылыми-тасты-коллекциялық қорды орналастыруға арналған үй-жайлар (тіреу бағаналары және жабындаралатын алаңдарды есепке алмағанда, 1 шаршы метрге 614 килограмм есеппен)
шаршы метр
1
2
Республикалық және аумақтық геологиялық қорлардың геологиялық материалдарды, бастапқы геологиялық құжаттаманы қағаз және электрондық түрде сақтауға арналған үй-жайлары (тіреу бағаналары және жабындар алатын алаңдарды және стелаждардың салмағын есепке алмағанда, 1 шаршы метрге 224 килограмм есеппен)
шаршы метр
1
3
Республикалық және аумақтық геологиялық қорлардың оқу залрына арналған үй-жайлар
шаршы метр
51
4
Республикалық және аумақтық геологиялық қорлардың геологиялық материалдарды және бастапқы құжаттаманы қабылдауға және беруге арналған үй-жайлар
шаршы метр
12
5
Республикалық және аумақтық геологиялық қорларда геологиялық ақпаратты және бастапқы геологиялық материалдарды жүйелеуге және түгендеуге арналған үй-жайлар
шаршы метр
12

Қолданыстағы