Құжат мәтініне өту

Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов субъектов земельных отношений за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельности

Бұйрық · № 784 · қабылданған 23.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97338/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов субъектов земельных отношений за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 784 ·23.12.2015
11.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов субъектов земельных отношений за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 784 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении критериев оценки степени рисков и проверочных листов субъектов земельных отношений за использованием и охраной земель, геодезической и картографической деятельности
Атауы (қаз.)
Жер қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
784
Қабылданған күні
23.12.2015
Көрсетілген редакция
11.12.2018 97338_381635.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012785
ЭКБ идентификаторы
97338
Редакция идентификаторы
97338_381635
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:46

0 Жер қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастарына ықпал ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілерінің тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жер ресурстарын пайдалануға ықпал ететін субъектілер үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметінің субъектілері үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жер құқығы қатынастарына әсер ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілері үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы;

5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы;

6 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жер ресурстарын пайдалануға ықпал ететін субъектілер үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы;

7 7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметті тексеру парағы бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3

3. «Жер қатынастары, жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 444 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 92397 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы
__________________С. Айтпаева
2015 жылғы « » ____________

1 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
1-қосымша
Жер құқығы қатынастарына ықпал ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілерінің тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1

1. Осы жер құқығы қатынастарына ықпал ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілерінің тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жер қатынастары субъектісінің тәуекелі – жер ресурстарына зиян келтіру, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының бұзылу ықтималдығы;

2 2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау субъектілері – жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік органдар;

3

3) өрескел бұзушылық – жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүддесіне ықпал ететін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ шешімдер қабылдау мерзімдерін қоспағанда, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтер әкiмдерiнiң, жер учаскелерін және жер учаскелеріне жалдау құқығын беру, шешім қабылдау тәртібін бұза отырып, жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтар;

4

4) елеулі бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың, жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін, жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту, сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасудың белгіленген мерзімдерін сақтамауды, сондай-ақ, жер учаскесін немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу қағидаларын, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібін, жер заңнамасының талаптарын сақтамауды білдіретін бұзушылықтар;

5

5) елеусіз бұзушылық – тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерінің, арнайы жер қорының болуы туралы ақпарат беру талаптарын сақтамауды, аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімін бұзуды, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің, оның ахуалдық схемасымен қоса, жер учаскесін таңдау актісін дайындау мерзімін бұза отырып жер заңнамасын бұзушылықтар.

3

3. Жер қатынастарын реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілері жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті органдар және жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері болып табылады.

4 4. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау объективті және субъективті өлшемшарттар, тәуекел дәрежесін бағалау жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Тексеру субъектілері объективті өлшемшарттар бойынша екі тәуекел тобына бөлінген:

1

1) жоғары тәуекел дәрежесі – облыстың, ауданның, Астана, Алматы қалаларының және облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттер мен қала маңы ауылдық округтерінің әкімдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жер қатынастары басқармалары, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың, аудандардың жер қатынастары бөлімдері және көрсетілген жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

2 2) жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі – ауыл және ауылдық округтердің әкімдері.

📌 Ескертпе. Жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі субъектілеріне ішінара тексерулер жүргізілмейді.

6 6. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

7 7. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі жылына бір реттен аспауға тиіс.

8 8. Субъективті өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:

1 1) өткен тексерулер нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді;

2 2) бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы.

9 9. Осы Өлшемшарттардағы 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 8-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер айқындалады.

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣР₃ = (ΣР₂ х 100/ΣР₁) х 0,7
мұндағы:
ΣР₃ – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР₁ – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР₂ – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР₂ х 100/ΣР₁) х 0,3
мұндағы:
ΣРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР₁ – елеусіз бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР₂ – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
ΣР = ΣР₃ + ΣРн
мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣР₃– елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.

10

10. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысы бекітетін тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.

11 11. Ішінара тексерулердің тізімдері:

1 1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылықтарын;

2 2) мемлекеттік органның тексерулерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемелер ескеріле отырып жасалады.

12

12. Әрбір тексерілетін субъектіге іс жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, істің қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы анықтама, тексеру қорытындысы туралы акт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі нұсқама тігіледі.

1-1 «Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) субъективті өлшемшарттары болып мыналар табылады:

Жер құқығы қатынастарына
ықпал ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын
жер қатынастары субъектілерінің
тәуекелдер дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) субъективті өлшемшарттары болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын елді мекендердің аумақтарын бас жоспарларға, құрылыс салу мен жоспарлау жобаларына және жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес беруі
өрескел
2.
Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жер пайдалануға берілмеген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беруі
өрескел
3.
Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауы
елеулі
4.
Жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы
өрескел
5.
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы
елеулі
6.
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы
елеулі
7.
Жергілікті атқарушы органның тек жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы
өрескел
8.
Жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы
өрескел
9.
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі
өрескел
10.
Жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделмеген мақсаттар немесе мерзім үшін беру туралы шешім қабылдауы
өрескел
11.
Жергілікті атқарушы органның шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы
өрескел
12.
Жергілікті атқарушы органның өз құзыретінің шегінде, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы
өрескел
13.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтауы
елеулі
14.
Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін сақтауы
елеулі
15.
Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін сақтауы
елеулі
16.
Тұрғын үй құрылысы үшін, арнайы жер қорында жер учаскелерінің болуы туралы ақпарат беруі
елеусіз
17.
Жер учаскесін немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу қағидаларының сақталуы:
1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес нақты жер учаскелерiн және жер учаскесiн жалдау құқығын анықтау;
2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткiзу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезiнде сауда-саттықты өткiзу әдiсiн анықтау;
3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесiнiң және жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы және ең төменгi бағасын, кепiлдiк жарналардың мөлшерiн бекiтуі
елеулі
18.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібін сақтауы
елеулі

1-2 «Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) мемлекеттік мекемелер үшін субъективті өлемшарттар болып мыналар табылады:

Жер құқығы қатынастарына
ықпал ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын
жер қатынастары субъектілерінің
тәуекелдер дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) мемлекеттік мекемелер үшін субъективті өлемшарттар болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтiнiшті уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау
елеулі
2.
Егер өтініш беруші жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойғандардың тізілімінде тұрса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса уәкілетті органдарының өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту жөнінде беретін жауаптың мерзімін сақтау
елеулі
3.
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімін сақтау
елеусіз
4.
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды ұсынуға (объект құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде) жер учаскесін Комиссия қорытындысы сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы уәкілетті органмен ұсыныстың комиссияға түскен кезінен бастап белгіленген мерзімін сақтау
елеулі
5.
Жерге орналастыру жобасын дайындау үшін комиссияның оң қорытындысының бір данасын өтініш берушіге жолдау мерзімін сақтау
елеулі
6.
Жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы
елеусіз
7.
Мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімінің келісу органдарымен сақталуы
елеулі
8.
Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделген жер учаскесіне құқық беруден бас тарту мерзімін сақтау
елеулі
9.
Оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскеннен кейін жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы
елеулі
10.
Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін, жер-кадастрлық жоспар мен инженерлік желілер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптарды уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау
елеулі
11.
Жер кодексiнің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жіберу мерзімдерін сақтау
елеулі
12.
Комиссияның қорытындысы шыққан күннен кейін жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге тапсыру мерзімін сақтау
елеулі
13.
Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке атқарушы органмен берілу мерзімін сақталуы
елеулі

1-3 «Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың» ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып мыналар табылады:

Жер құқығы қатынастарына
ықпал ететін және жеке кәсіпкерлік
субъектілері болып табылмайтын
жер қатынастары субъектілерінің
тәуекелдер дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша
«Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың» ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Шағымның болуы, оны қарау кезінде бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзған кезде жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы
елеулі
2.
Шағымның болуы, оны қарау кезінде бақылау субъектісіне жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының анықталған бұзылушылықтарын жою туралы нұсқама берілуі
елеусіз

2 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
2-қосымша
Жер ресурстарын пайдалануға ықпал ететін субъектілер үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1

1. Осы Жер ресурстарын пайдалануға ықпал ететін субъектілер үшін жердің пайдаланылуы мен қорғалуы үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жерді пайдалану мен қорғауды бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына ішінара тексеру жүргізу кезінде жер ресурстарын пайдалануға ықпал ететін және тексерілетін субъектілер үшін жер қатынастары субъектілерінің тәуекелі – жер ресурстарына зиян келтіру, оның ауыртпалық дәрежесінің салдарын ескере отырып, жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар құқықтарының бұзылу ықтималдығы.

2

2) жер ресурстарын пайдалануға ықпал ететін тексерілетін субъектілерді іріктеу үшін жер қатынастарының тексерілетін субъектілері – иелігінде ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер ресурстарының пайдалану жағдайына ықпал етуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар.

3

3) өрескел бұзушылық – жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе (және) жер пайдаланушылардың жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзуға, жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбауына және оны одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамауға байланысты туындаған, жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар;

4

4) елеулі бұзушылық – жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнің немесе (және) жер пайдаланушылардың жердi қорғау жөнiндегi іс-шараларды орындамауға және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланбауға байланысты туындаған, жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар;

5 5) елеусіз бұзушылық – жер учаскелерiнiң меншiк иелерi немесе (және) жер пайдаланушылардың жер учаскелері шекараларының межелiк белгiлерiн сақтамауға байланысты туындаған жер қатынастары саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген бұзушылықтар.

3 3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша айқындау объективті және субъективті өлшемшарттар, тәуекел дәрежесін бағалау жолымен жүзеге асырылады.

4 4. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежелерін айқындау ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне қарай, ал жер қойнауын пайдаланушыларға келісімшарттың мерзімі мен жер көлеміне байланысты жүзеге асырылады.

5 5. Объективті өлшемшарттар бойынша субъектілер жоғары және жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған болып екі топқа бөлінеді:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне мыналар: мына ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:

3000 гектардан астам тәлімі егістік;
50 гектардан астам суармалы егістік;
200 гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары (суармалы егістіктерден басқа);
келісімшарт (рұқсат) мерзімі он жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар немесе жер қойнауы үшін көлемі 5 гектардан астам жерлері бар жер қойнауын пайдаланушылар;

2 2) жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмеген тұлғалар жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесі тобына жатқызылады және оларға қатысты ішінара тексерулер жүргізілмейді.

6 6. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

7 7. Ішінара тексеру жүргізудің жиілігі жылына бір реттен аспауға тиіс.

8 8. Субъективті өлшемшарттар мынадай ақпарат көздері негізінде айқындалады:

1 1) өткен тексерулер нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеріс парағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді;

2 2) бақылау субъектілеріне қатысты жеке немесе заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздардың болуы.

9 9. Осы Өлшемшарттардағы 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 8-тармақта анықталған ақпарат көздерінің негізінде субъективті критерийлер айқындалады.

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣР₃ = (ΣР₂ х 100/ΣР₁) х 0,7
мұндағы:
ΣР₃ – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР₁ – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР₂ – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР₂ х 100/ΣР₁) х 0,3
мұндағы:
ΣРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР₁ – елеусіз бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР₂ – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
ΣР = ΣР₃ + ΣРн
мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣР₃ – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.

10

10. Ішінара тексерулер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысы бекітетін тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.

11 11. Ішінара тексерулердің тізімдері:

1 1) субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылықтарын;

2 2) мемлекеттік органның тексерулерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

12

12. Әрбір тексерілетін субъектіге іс жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, істің қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы анықтама, тексеру қорытындысы туралы акт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі нұсқама тігіледі.

2-1 «Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін субъективті өлшемшарттары болып мыналар табылады:

Жер ресурстарын пайдалануға
ықпал ететін субъектілер үшін
жердің пайдаланылуы мен
қорғалуы үшін тәуекелдер
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін субъективті өлшемшарттары болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы
өрескел
2.
Жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану
өрескел
3.
Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындау
өрескел
4.
Жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізу:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғау;
3) бүлiнген жердi рекультивациялауға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану
елеулі
5.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақылдың аудандық орташа көрсеткішінен көп сексен бес пайыз деңгейде ауыл шаруашылығы өнімін үш жыл қатарынан алуы
елеулі
6.
Жер учаскелері шекараларының межелiк белгiлерiн сақтау
елеусіз
7.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушіде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірде № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) ауыл шаруашылық жануарлардың шекті рұқсат етілетін жайылымға жүктемесінен үш жыл қатарынан көп елу пайыз мал басының болуы
елеулі

2-2 «Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде тағайындалады) жер қойнауын пайдаланушылар үшін субъективті өлшемшарттары болып мыналар табылады:

Жер ресурстарын пайдалануға
ықпал ететін субъектілер үшін
жердің пайдаланылуы мен
қорғалуы үшін тәуекелдер
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» ақпарат көзі бойынша (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде тағайындалады) жер қойнауын пайдаланушылар үшін субъективті өлшемшарттары болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Жер учаскелерінің нақты шекараларын белгілеу және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы
өрескел
2.
Жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану
өрескел
3.
Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді қайтару немесе одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындамау
өрескел
4.
Жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізу :
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғау;
3) бүлiнген жердi рекультивациялауға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану.
елеулі
5.
Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн сақтау
елеусіз

2-3 «Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздар» ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып мыналар табылады:

Жер ресурстарын пайдалануға
ықпал ететін субъектілер үшін
жердің пайдаланылуы мен
қорғалуы үшін тәуекелдер
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша
«Бақылау субъектілеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен расталған шағымдар мен арыздар» ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Бір немесе одан да көп шағымдардың болуы, оларды қарау кезінде Қазақстан Республикасы жер заңнамасы бұзылған жағдайда жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен бақылау субъектісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылған
елеулі
2.
Бір немесе оданда көп шағымдардың болуы, оларды қарау кезінде бақылау субъектісіне жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторымен әкімшілік жауапкершілікке тартылмай, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзушылықтарын жою жөніндегі нұсқама берілген
елеусіз

3 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
3-қосымша
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1

1. Осы Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері үшін тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі және 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежелеріне жатқызу үшін әзірленді.

2 2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектісінің тәуекелі – мемлекеттік шекара, әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекара сызықтарының, сондай-ақ оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, географиялық объектілері атауларының өзгеруі нәтижесінде мемлекетке зиян келтірілуі мүмкін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу кезінде деректер мен мәліметтердің бұрмалануы;

2 2) геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы бақылау субъектілері – геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

3

3) өрескел бұзушылық – геодезиялық жұмыстар және картографиялық жұмыстар жүргізілуінің басталуы туралы геодезия және картография саласындағы хабарламаның болмауын, геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандардың, аэротүсірілім жұмыстарына рұқсаттың болмауын, сондай-ақ, геодезиялық пунктерді қорғау туралы қағидаларды, геодезия және картография саласындағы заңнама талаптарын сақтамауды білдіретін бұзушылықтар;

4 4) елеулі бұзушылық – штатында геодезия және (немесе) картография саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болмауын білдіретін геодезия және картография саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтар.

3 3. Тексеру субъектілері объективті критерийлер бойынша жасалатын және іске асырылатын геодезиялық-картографиялық өнім мен мәліметтердің түріне қарай бақылау субъектілері екі топқа бөлінген:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесі тобына топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуін бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесінде, геодезиялық және картографиялық өнімнің деректер базасын жасауды, беруді, есепке алуды, сақтауды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатқызылған;

2

2) жоғары тәуекел дәрежесі тобына жатқызылмаған топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуін мемлекеттік координаттар жүйесінде емес, геодезия мен картографиялық өнімнің деректер базасын жасауды, беруді, есепке алуды, сақтауды жүзеге асыратын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорына» Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнына беретін мәліметтер мен деректерді ұдайы міндетті түрде беретін бақылау субъектілері жатқызылған.

4 4. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты ішінара тексерулер, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың басқа нысандары жүргізіледі.

5 5. Ішінара тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен аспауға тиіс.

6 6. Субъективті өлшемшарттар өткен тексерулер нәтижелері негізінде айқындалады. Бұл ретте бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеріс парағында көрсетілген заңнама талаптары сақталмаған кезде белгіленеді.

7 7. Субъективті өлшемшарттар бойынша геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау осы критерийге қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

8 8. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша тексерілетін субъект мыналарға жатады:

1 1) жоғары тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ді қоса алғанға дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

2 2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты іріктеп тексеру жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде
0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣР₃ = (ΣР₂ х 100/ΣР₁) х 0,7
мұндағы:
ΣР₃ – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР₁ – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР₂ – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде
0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
ΣРн = (ΣР₂ х 100/ΣР₁) х 0,3
мұндағы:
ΣРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣР₁ – елеусіз бұзушылықтардың жалпы саны;
ΣР₂ – анықталған елеусіз бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (ΣР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады:
ΣР = ΣР₃ + ΣРн
мұндағы:
ΣР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
ΣР₃ – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ΣРн – елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіші.

9

9. Ішінара тексерулер реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітетін тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кеш емес мерзімде құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.

10 10. Ішінара тексерулердің тізімдері:

1 1) субъективті өлшемшарттар бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдылықтарын;

2 2) мемлекеттік органның тексерулерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемелерді ескере отырып жасалады.

11

11. Әрбір тексерілетін субъектіге іс жүргізіледі, онда тексеруді тағайындау туралы акті, тексеру бойынша тексеру парағы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, істің қаралу уақыты мен орнын тағайындау туралы анықтама, тексеру қорытындысы туралы акт, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, жер заңнамасының талаптарын орындау жөніндегі нұсқама тігіледі.

3-1 «Өткен тексерулер нәтижелері» (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып мыналар табылады:

Геодезиялық және картографиялық
қызмет субъектілері үшін тәуекелдер
дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
қосымша
«Өткен тексерулер нәтижелері» (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді) ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар болып мыналар табылады:

Өлшемшарттар
Бұзушылық дәрежесі
1.
Геодезиялық жұмыстар және (немесе) картографиялық жұмыстар жүргізілуінің басталуы туралы геодезия және картография саласындағы хабарламаны растаудың болуы
өрескел
2.
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не болмаса зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы
өрескел
3.
Штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы
елеулі
4.
Аэротүсірілім жұмыстарына, егер оларды орындаған жағдайда рұқсаттың болуы
өрескел
5.
Геодезиялық пунктерді қорғау туралы қағидаларды сақтау
өрескел

4 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
4-қосымша
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес)
____________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган:___________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _______________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, БСН______________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талапқа сәйкес
Талапқа сәйкес емес
1
2
3
4
5
6
Жер құқығы қатынастарына әсер ететін және жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жер қатынастары субъектілері үшін
1.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелеріне жалдау құқығын елді мекендердің бас жоспарларына, жоспарлау және құрылыс салу жобаларына және аймақтардың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес беру
2.
Жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда (конкурстарда, аукциондарда), мемлекеттік меншіктегі және сауда-саттықта жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру
3.
Жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауы
4.
Жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысының және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасының негізінде жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы
5.
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы
6.
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін сақтауы
7.
Жергілікті атқарушы органның тек жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы
8.
Жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы
9.
Жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі
10.
Жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделмеген мақсаттарға немесе мерзімге беру туралы шешім қабылдауы
11.
Жергілікті атқарушы органның шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы
12.
Жергілікті атқарушы органның өз құзыретінің шегінде, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы
13.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін сақтауы
14.
Жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін сақтауы
15.
Сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін сақтауы
16.
Тұрғын үй құрылысы үшін, арнайы жер қорында жер учаскелерінің болуы туралы ақпарат беруі
17.
Жер учаскесін немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткiзу қағидаларының сақталуы:
1) жергiлiктi өкiлдi орган бекiткен тiзбеге сәйкес нақты жер учаскелерiн және жер учаскесiн жалдау құқығын анықтау;
2) сауда-саттық (аукцион, конкурс) өткiзу нысандарын, сондай-ақ аукциондық сату нысаны кезiнде сауда-саттықты өткiзу әдiсiн анықтау;
3) сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскесiнiң және жер учаскесiн жалдау құқығының бастапқы және ең төменгi бағасын, кепiлдiк жарналардың мөлшерiн бекiтуі
18.
Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібін сақтауы
Лауазымды тұлға(лар):__________ _________ __________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________ _________ __________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкісінің аты (ол болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің
басшысы ___________________________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

5 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
5-қосымша
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес)
_________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік
орган:_________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ____________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы __________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, БСН_________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы __________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талапқа сәйкес
Талапқа сәйкес емес
1
2
3
4
5
6
Жер қатынастарын реттеу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер үшін
1.
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша өтiнiшті уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау
2.
Егер өтініш беруші жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойғандардың тізілімінде тұрса немесе өтініш беруші жер учаскесіне құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаса уәкілетті органдарының өтініш берушіге өтінішті қараудан жазбаша бас тарту жөнінде беретін жауаптың мерзімін сақтау
3.
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныстар әзірлеу мерзімін сақтау
4.
Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес немесе жер учаскесін алдын ала таңдап алуды ұсынуға (объект құрылысы үшін жер учаскесі сұралған кезде) сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы уәкілетті орган ұсынысының комиссияға түскен сәтінен бастап комиссия қорытындысын беру мерзімін сақтау
5.
Жерге орналастыру жобасын дайындау үшін комиссияның оң қорытындысының бір данасын өтініш берушіге жолдау мерзімін сақтау
6.
Жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге және мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорынға мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы не келісу органдарында осы жүйелер болмаған ретте қағаз жеткізгіштерде жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы
7.
Мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны ұсыну мерзімінің келісу органдарымен сақталуы
8.
Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделген жер учаскесіне құқық беруден бас тарту мерзімін сақтау
9.
Оң қорытындылар мен инженерлік желілерге қосылуға қойылатын техникалық талаптар келіп түскеннен кейін жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындау және жіберу мерзімінің жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен сақталуы
10.
Уақытша жер пайдалану шартын дайындау үшін жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін, жер-кадастрлық жоспар мен инженерлік желілер мен құрылыстарға косылуға қойылатын техникалық талаптарды уәкілетті органға жолдау мерзімін сақтау
11.
Жер кодексiнің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесiн таңдау және жер учаскесін таңдау туралы актіні ресімдеу, кейіннен жер учаскесін таңдау туралы актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жіберу мерзімдерін сақтау
12.
Комиссияның қорытындысы шыққан күнінен кейін жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін өтініш берушіге тапсыру мерзімін сақтау
13.
Жеке немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға бұрын жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке атқарушы органмен берілу мерзімін сақталуы
Лауазымды тұлға(лар):__________ _________ _______________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________ _________ _____________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкісінің аты (ол болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің
басшысы ________________________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

6 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
6-қосымша
Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)
_________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік
орган:___________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, БСН___________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талапқа сәйкес
Талапқа сәйкес емес
1
2
3
4
5
6
Жер ресурстарын пайдалануға әсер ететін субъектілер үшін
1.
Жер учаскесінің нақты шекараларының белгіленуі және жерге құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарының болуы
2.
Жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану
3.
Уақытша пайдаланудағы мемлекеттік жерлерді уақтылы қайтару және одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді орындау
4.
Жердi қорғау жөнiндегi iс-шараларды жүргізу:
1) жердi құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғау;
2) ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғау;
3) бүлiнген жердi рекультивациялауға, оның құнарлылығын және жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тарту;
4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау және пайдалану
5.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақылдың аудандық орташа көрсеткішінен көп сексен бес пайыз деңгейде ауыл шаруашылығы өнімін үш жыл қатарынан алуы
6.
Жер учаскелері шекараларының межелiк белгiлерiн сақтау
7.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушіде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірде № 3-3/332 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылық жануарлардың шекті рұқсат етілетін жайылымға жүктемесінен үш жыл қатарынан көп елу пайыз мал басының болуы
Лауазымды тұлға(лар):__________ _________ ______________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________ _________ ______________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкісінің аты (ол болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің
басшысы ________________________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

7 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 784 бұйрығына
7-қосымша
Геодезиялық және картографиялық қызметті тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабына сәйкес)
___________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік
орган:___________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт ________________________________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) ЖСН, БСН___________________________________________
_________________________________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________________________________

Талаптардың тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талапқа сәйкес
Талапқа сәйкес емес
1.
Геодезиялық жұмыстар және (немесе) картографиялық жұмыстар жүргізілуінің басталуы туралы геодезия және картография саласындағы хабарламаны растаудың болуы
2.
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін, меншікті немесе жалға алынған салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар және құрал-саймандар жиынтығының не болмаса зауыттық нөмірі көрсетілген салыстырып тексерілген аспаптар, жабдықтар, құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың болуы
3.
Штатында геодезия және (немесе) картография саласында жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі бар маманның болуы
4.
Аэротүсірілім жұмыстарына, егер оларды орындаған жағдайда рұқсаттың болуы
5.
Геодезиялық пунктерді қорғау туралы қағидаларды сақтау
Лауазымды тұлға(лар):__________ _________ ________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________ _________ ________________________________________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкісінің аты (ол болған жағдайда))
Тексерілетін субъектінің
басшысы _________________________________________________________ __________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы