Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Кенгир, села Талап, села Малшыбай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Кенгир, села Талап, села Малшыбай
- Атауы (қаз.)
- Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 37/338
- Қабылданған күні
- 08.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2021 97408_551531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KB003596
- ЭКБ идентификаторы
- 97408
- Редакция идентификаторы
- 97408_551531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:13
0 Кеңгір ауылының, Талап ауылының,
Малшыбай ауылының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
3 Жезқазған қалалық мәслихатының
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№37/338 шешімімен бекітілген
Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) тиісті ауылдардың жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының әкімдері шақырады.
Жезқазған қаласының әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы немесе өзге де тәсілдермен қоса олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді тиісті ауылдың әкімдері ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды тиісті ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тиісті ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8 8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.