Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам

Бұйрық · № 354 · қабылданған 16.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97456/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам Қолданыста Бұйрық ·№ 354 ·16.11.2015
22.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам

Қолданыста Бұйрық ·№ 354 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
354
Қабылданған күні
16.11.2015
Көрсетілген редакция
22.07.2025 97456_778424.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012608
ЭКБ идентификаторы
97456
Редакция идентификаторы
97456_778424
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:36

0 Мемлекеттік театрларға,

концерттік ұйымдарға,
мәдени-демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге субсидиялар
төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп

отырған Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс
ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары
бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтың актілерінің эталонда бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;

3 3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «___»
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы «___»

0 Мәдениет және спорт министрінің

2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 354 бұйрығымен
Бекітілген
Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға,
мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу қағидалары

1

1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды.

2 2. Залалдарды өтеуге бюджеттік субсидиялар республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлінеді және залалдарды пайыздық өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады:

1

1) мемлекеттік театрларға, цирктерге, концерттік және мәдени-демалыс ұйымдарына тұрғындар үшiн театрлық, цирктік, мәдени-демалыс іс-шараларын, республика тұрғындарының барлық топтарына концерттік іс-шаралардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға;

2 2) мемлекеттік музейлерге мәдени құндылықтардың сақталуын, есебін, қалыптастырылуын және қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз етуге.

3

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.

4

4. Республикалық бюджеттен бюджеттiк субсидияларды төлеу, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте республикалық театрлардың, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері осы Қағидаларға 1-1 қосымшада көрсетілген мөлшерден аспайды.

5

5. Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен бюджеттiк субсидиялар төлеу, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Субсидиялар меншікті қаражат есебінен өтелетін залал мөлшерін қоспағанда, ұйымдардың шығындарын өтеуге бөлінеді.

6

6. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бюджетті атқару жөнiндегi орталық және жергілікті уәкiлеттi орган қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күні iшiнде мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге бөлiнетiн бюджеттiк субсидиялар көлемi туралы мәлiметтердi жеткiзедi.

7 7. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер алатын бюджеттiк субсидиялар екiншi деңгейдегі банктерде өздерi ашатын ағымдағы шотқа есепке алынады.

8 8. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне:

1 1) жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер жоспары және шығыстар жоспары бекiтiлген есебiн;

2 2) ай сайын, айдың 25-күнiнен кешiктiрмей осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша алдағы айдың залалдарын жабу есептерiн бередi.

9 9. Мемлекеттiк театрлар, концерттік ұйымдар, мәдени-демалыс ұйымдары, музейлер және цирктер жыл сайын, есептi кезеңнен кейiнгi үшiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне даму жоспарларының орындалуы бойынша бекітілген есептерді беруді қамтамасыз етедi.

1 Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға,
мәдени-демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу қағидаларына
1-қосымша
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

1-1 Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға, мәдени-
демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу
қағидаларына
1-1-қосымша
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
№ п/п
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен суб­си­дия мөл­ше­рі (пай­ыз %)
Ұй­ым­дар ата­уы
1
2
3
1.
92 %
«Аста­на Опе­ра» мем­ле­кет­тік опе­ра және ба­лет те­ат­ры» Ке­АҚ
2.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Абай атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» РМҚК
3.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Мұх­тар Әу­е­зов атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық дра­ма те­ат­ры» РМҚК
4.
85 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ми­ха­ил Лер­мон­тов атын­да­ғы Ұлт­тық орыс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
5.
87 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ға­бит Мү­сі­ре­пов атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер те­ат­ры» РМҚК
6.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «На­та­лия Сац атын­да­ғы Орыс мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер те­ат­ры» РМҚК
7.
97 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ко­рей му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
8.
95 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Құдыс Қо­жа­ми­я­ров атын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ұй­ғыр му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
9.
96 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық ака­де­ми­я­лық неміс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
10.
95 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Сал­та­нат» мем­ле­кет­тік би ан­сам­блі» РМҚК
11.
97 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық би те­ат­ры» РМҚК
12.
93 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Жам­был атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық фи­лар­мо­ни­я­сы» РМҚК
13.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ха­лық ас­пап­тар ор­кест­рі» РМҚК
14.
97 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Ка­ме­ра­та­сы» клас­си­ка­лық му­зы­ка ан­сам­блі» РМҚК
15.
93 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ро­за Ба­ғла­но­ва атын­да­ғы «Қа­з­ақ­кон­церт» мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық кон­церт­тік ұй­ы­мы» РМҚК
16.
95 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­ли­бек Қу­а­ныш­ба­ев атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық му­зы­ка­лық дра­ма те­ат­ры» РМҚК
17.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­та­лық му­зейі» РМҚК
18.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Әбіл­хан Қа­сте­ев атын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік өнер му­зейі» РМҚК
19.
88 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Си­рек кез­де­се­тін қи­яқ­ты саз ас­пап­та­ры­ның мем­ле­кет­тік кол­лек­ци­я­сы» РМҚК
20.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Мә­де­ни­ет­тер­ді жа­қын­да­сты­ру ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік му­зейі» РМҚК
21.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ор­даб­а­сы» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни қо­ры­ғы» РМҚК
22.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Бе­рел» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
23.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Есік» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
24.
85 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Оты­рар» мем­ле­кет­тік ар­хео­ло­ги­я­лық му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
25.
95 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ұлы­тау» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни және та­би­ғи му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
26.
70 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Әзі­рет Сұл­тан» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
27.
95 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Абай­дың «Жи­де­бай-Бө­рі­лі» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни және әде­би-ме­мо­ри­ал­дық му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
28.
90 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ежел­гі Та­раз ес­керт­кіш­те­рі» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
29.
97 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Таң­ба­лы» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни және та­би­ғи му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
30.
95 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық му­зейі» РМҚК
31.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Бо­зоқ» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
32.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Бо­тай» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
33.
98 %
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Са­рай­шық» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
📌 Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

2 Мемлекеттік театрларға, концерттік

ұйымдарға, мәдени-демалыс
ұйымдарына, музейлерге және
цирктерге субсидиялар төлеу
қағидаларына
2-қосымша
нысан
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiс жоспары
Р/с

спектакльдердiң, концерттердiң саны (дана)
көрермендердiң саны
(мың адам)
кiрiстер (мың теңге)
ескертпе
билет сатудан
жалға беруден
өзге де
1
2
3
4
5
6
7

3 Мемлекеттік театрларға, концерттік

ұйымдарға, мәдени-демалыс
ұйымдарына, музейлерге және
цирктерге субсидиялар төлеу
қағидаларына
3-қосымша
нысан
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20_____жылғы шығыс жоспары
мың теңге
Р/с

көрсеткiштердiң атауы
сомасы
ескертпе
1
2
3
4

4 Мемлекеттік театрларға, концерттік

ұйымдарға, мәдени-демалыс
ұйымдарына, музейлерге және
цирктерге субсидиялар төлеу
қағидаларына
4-қосымша
нысан
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
20___жылғы ____ айына залалдарын жабу есебi
мың теңге
Р/с

Өткізілетін қызметтердiң құны
Меншiктi кiрiстердiңсомасы
Субсидиялардың сомасы
1
2
3
4

Қолданыстағы