Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности

Бұйрық · № 1139 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97462/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности Қолданыста Бұйрық ·№ 1139 ·30.11.2015
03.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности

Қолданыста Бұйрық ·№ 1139 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1139
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
03.05.2023 97462_631164.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012543
ЭКБ идентификаторы
97462
Редакция идентификаторы
97462_631164
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:21

0 Энергия тиімділігі

картасын қалыптастыру және
жүргізу, энергия тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және енгізу
қағидаларын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17-2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 желтоқсан

9 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1139 бұйрығымен
бекітілген
Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1 1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;

2 2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – жылына мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;

3 3) орындаушы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін орындайтын заңды тұлға;

4 4) өтініш беруші – энергия тиімділігі картасына енгізу үшін жоба ұсынған жеке немесе заңды тұлға;

5 5) сараптама – Өтініш беруші ұсынған құжаттарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі мәніне бағалау және талдау процесі;

6 6) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі –- энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

7 7) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздерін, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар кестелері мен жоспарларын көрсете отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;

8 8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоба (бұдан әрі – жоба) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

9 9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға.

2 2-тарау. Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

3 3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ЭЭҰДИ) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізуді жүзеге асырады.

4 4. Энергия тиімділігі картасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.

5 5. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізуді ЭЭҰДИ тұрақты негізде жүзеге асырады.

6 6. ЭЭҰДИ энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі – МЭТ) субъектілерінен және өзге де заңды тұлғалардан сұратады және алады.

7 7. Энергия тиімділігі картасын ЭЭҰДИ-дың интернет-ресурсына орналастырады.

3 3-тарау. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізу тәртібі

8 8. ЭЭҰДИ МЭТ қалыптастыру және жүргізу бойынша ақпараттың және өзге де ақпараттың талдауы негізінде МЭТ субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға жобаларды энергия тиімділігі картасына енгізу үшін құжаттар тапсыруды ұсынады.

9 9. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭЭҰДИ-ға электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

2 2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы не оны алмастыратын адам бекіткен жобаның паспорты;

3 3) жобаның қаржыландырылуын пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандумдар және келісімдер және (немесе) жобаны қаржыландыру туралы шешім) (бар болған жағдайда);

4 4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесі (бар болған жағдайда);

5 5) ұсынылған іс-шараларға (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме, коммерциялық ұсыныстар) талап етілетін инвестициялар мен үнемдеу есебінің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

10 10. ЭЭҰДИ ұсынылған құжаттарды, олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттың толықтығына және растығына қарайды.

Ақпараттың толық еместігі және (немесе) дұрыс еместігі фактісі белгіленген жағдайда, ЭЭҰДИ көрсетілген мерзімдерде Өтініш берушінің құжаттарын қайтару себебін көрсете отырып, қайтарады.
Өтініш беруші ЭЭҰДИ-дан құжаттарды алған күннен кейін, қайтару себептерін жояды және ЭЭҰДИ-ға қайта енгізеді.

11 11. Құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жоба осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін, энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған Тіркеу журналында тіркеледі.

12 12. ЭЭҰДИ жобаны тіркеу журналына тіркеген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде инновациялылық, ауқымдылық және құзыреттілік өлшемшарттарына сәйкестігіне мәніне сараптама жүргізеді.

13 13. Сараптама мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

1 1) табиғи және ақшалай мәндегі энергия үнемдеу әсері;

2 2) жобаның инновациялық құрамдас бөлігі;

3 3) орнын толтыру мерзімі;

4 4) іс-шаралардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес болу қажеттілігін қарау;

5 5) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

ЭЭҰДИ-дің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған сараптама қорытындысы сараптама нәтижесі болып табылады.

14 14. Сараптама қорытындысы екі данада ресімделеді және оны өткізу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір данасы Өтініш берушіге жіберіледі, бір данасы ЭЭҰДИ-де қалады.

15 15. Сараптама нәтижесі бойынша, ЭЭҰДИ ұсынылған жобалар бойынша энергия тиімділігі картасына енгізу үшін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

1 1) қаржыландыру көзі болған кезде жоба энергия тиімділігі картасына енгізіледі;

2 2) қаржыландыру көзі болмаған кезде отандық және халықаралық инвесторларды, қаржы институттарын, энергия сервистік компанияларды және өзге де ұйымдарды іздеу арқылы инвестиция тарту мәселесі пысықталады.

16 16. Өтінім беруші жоба паспортында көрсетілген іс-шараларды орындамаған жағдайда, жобалар энергия тиімділігі картасынан ҒЗТКЖ шешімімен шығарылады.

1 Энергия тиімділігі картасы

н
қалыптастыру және жүргізу,
жобаларды энергия тиімділігі
картасына іріктеу және
енгізу қағидаларына
1-қосымша
Энергия тиімділігі картасы

Өті­ніш бе­ру­ші­нің ата­уы
Бай­ла­ныс де­ректе­рі
Жо­ба­ның ата­уы
Іс-ша­ра­лар ті­зі­мі
Орын­да­у­шы­ның ата­уы
Ин­ве­сти­ция кө­ле­мі (мың тең­ге)
Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі
Энер­ге­ти­ка­лық ре­сур­стар­ды заттай түр­де жыл­дық үнем­деу
Энер­ге­ти­ка­лық ре­сур­стар­ды ақ­ша­лай түр­де жыл­дық үнем­деу (мың тең­ге)
Өте­лу мер­зі­мі, жыл
Ай­мақ
Жо­ба мәр­те­бе­сі
еөл­шем бір­лі­гі
мәні
1.
2.
Жо­ба­ның жал­пы құ­ны
1.
2.
Жо­ба­ның жал­пы құ­ны

2 Энергия тиімділігі картасын

қалыптастыру және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына жобаларды
іріктеу және енгізу қағидаларына
2-қосымша
____________________________________
(облыс, қала)
____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш
Қазақстанның энергия тиімділігі картасына енгізу үшін
_____________________________________________________
(ұйымның атауы)
_____________________________________________________
(жобаның атауы)
жоба байынша өтінішімді тіркеуіңізді өтінемін:
Өтінішке мынадай құжаттарды ұсынамын:
1)___________________________________________________________________
2)___________________________________________________________________
3)___________________________________________________________________
4)___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________ ______________
Ұйымның бірінші басшысы: Қолы
20__ жылғы «___»________
Мөрдің орны

3 Жобаны қаржыландырудың болжамды құрылымы:

Энергия тиімділігі картасын
қалыптастыру және жүргізу,
жобаларды энергия тиімділігі
картасына іріктеу және
3-қосымша
Жобаны қаржыландырудың болжамды құрылымы:
Меншікті Қаражат
мың теңге
Бюджет Қаражаты
мың теңге
Қажетті қаражат
мың теңге
Өзге қаражат
мың теңге

4 Энергия тиімділігі картасын

қалыптастыру және жүргізу, энергиятиімділігі
картасына жобаларды іріктеу және енгізу
қағидаларына
4-қосымша
Энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған
тіркеу журналы

ЭЭҰДИ жобаны қабылдау күні
Тіркеу күні
Өтініш берушінің атауы
Жобаның атауы
1
2
3
4

Қолданыстағы