Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи сертификата безопасности

Бұйрық · № 1240 · қабылданған 25.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97465/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи сертификата безопасности Күшін жойған Бұйрық ·№ 1240 ·25.12.2015
27.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи сертификата безопасности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1240 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи сертификата безопасности
Атауы (қаз.)
Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1240
Қабылданған күні
25.12.2015
Көрсетілген редакция
27.03.2018 97465_314955.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012766
ЭКБ идентификаторы
97465
Редакция идентификаторы
97465_314955
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:33

0 Қауіпсіздік сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1240 бұйрығымен
бекітілген
Қауіпсіздік сертификатын беру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қауіпсіздік сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын беру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) уәкілетті орган – байланыс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;

2 2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасында тіркелген, байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

3 3) куәландырушы орталық – уәкілетті орган айқындайтын, электронды нысанда қауіпсіздік сертификаттарын беретін заңды тұлға;

4 4) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

2 2. Қауіпсіздік сертификаттарын беру тәртібі

3 3. Қауіпісіздік сертификатын беру байланыс операторының куәландырушы орталыкқа осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қауіпсіздік сертификатын беруге өтініші негізінде жүргізіледі.

4 4. Қауіпісіздік сертификатын беру куәландырушы орталықта осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша байланыс операторының электрондық ақпаратты тасығышқа жазу (қайта жазу мүмкіндігінсіз) арқылы жүргізіледі және куәландырушы орталықтың анықтамасымен расталады.

5 5. Қауіпісіздік сертификатының жазылуы бар электрондық ақпаратты тасығыш және куәландырушы орталықтың анықтамасы куәландырушы орталықпен берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналында тіркеледі.

6 6. Қауіпісіздік сертификатының жарамдылық мерзімі ол берілген сәттен бастап 3 жылды құрайды.

8 8. Байланыс операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін күнтізбелік 20 күн бұрын жаңа қауіпсіздік сертификатын беру .үшін куәландырушы орталыққа жүгінеді.

9 9. Куәландырушы орталық осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналын жүргізеді.

1 Қауіпсіздік сертификатын беруге өтініш

Қауіпсіздік сертификатын
беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қауіпсіздік сертификатын беруге
өтініш
Негізінде әрекет ететін ________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
________________________________________________________________________________
лауазымының атауы
________________________________________________________________________________
Телефон: жұмыс/ұялы
атынан _________________________________________________________________________
Байланыс операторының атауы
________________________________________________________________________________
Байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі
№ ______ электрондық ақпаратты тасығышқа (қайта жазу мүмкіндігінсіз) Қауіпсіздік
сертификатын беруді сұраймын.
Қолы ____________
Күні 20__ жылғы «___» _____________
МО

2 Куәландырушы орталықтың анықтамасы

Қауіпсіздік сертификатын
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Куәландырушы орталықтың
анықтамасы
Куәландырушы орталық ___________________________________________________________
________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны
________________________________________________________________________________
Байланыс операторының атауы
________________________________________________________________________________
байланыс операторының бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________ қауіпсіздік сертификатын берді.
тіркеу нөмірі
Сертификаттың жарамдылық мерзімі – 3 жыл.
Басшы _________ ____________________
қолы Т.А.Ә.
Күні 20__ жылғы «_____» _____________
МО (бар болса)
Алдым: ___________________ _________
Т.А.Ә. қолы
Күні 20__ жылғы «_____» _____________

3 Берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп журналы

Қауіпсіздік сертификатын
беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Берілген және кері қайтап алынған қауіпісіздік сертификаттарының есеп
журналы

Байланыс операторы
Т.Ә.А.
Өтінішітің тіркеу нөмірі
Күні
Электрондық тасығыштың нөмірі
Алу/кері қайтару туралы белгі (қолы)
Ескертпе (кері қайтаруға негіз)

Қолданыстағы