Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций

Бұйрық · № 1281 · қабылданған 30.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97481/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций Қолданыста Бұйрық ·№ 1281 ·30.12.2015
25.07.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций

Қолданыста Бұйрық ·№ 1281 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил приема, регистрации и рассмотрения заявки на предоставление инвестиционных преференций
Атауы (қаз.)
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1281
Қабылданған күні
30.12.2015
Көрсетілген редакция
25.07.2023 97481_647019.kaz
Соңғы өзгеріс
25.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012780
ЭКБ идентификаторы
97481
Редакция идентификаторы
97481_647019
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:20

0 Инвестициялық преференцияларды

беруге арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 293-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары бекітілсін.

2

2. «Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 7759 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.К.Хаиров):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін.

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады, бұл ретте Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

10 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрінің м.а.
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1281 бұйрығымен
бекітілген
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған
өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 293-бабы 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ивестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін, сондай-ақ «Инвестицияларды жүзеге асыру мен инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

2 2. Осы ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған әрi электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгi мен мазмұнының өзгерместігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;

2

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғандағы шоғырландырылған үкіметтік ақпараттың барлығына және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы қағидаларға сәйкес көрсетеді.

4 4. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, портал операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

5 5. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

2 2-тарау. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі

6

6. Инвестицияларды жүзеге асыру және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – инвестициялық келісімшарт) жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызмет берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінінің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференциялар беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8

8. Көрсетілетін қызметті беруші порталда өтінім тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінінің 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарын қарайды.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараған кезде:

1 1) өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді;

2 2) Кодекстің 292-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;

3 3) Кодекстің 282-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

10 10. Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өтінім порталда келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оң немесе теріс жауаптар дайындайды және оларды порталда орналастырады.

11

11. Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан өтінімді қарау бойынша алынған жауаптардың нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

12

12. Көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде электрондық түрде дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы қол қояды, инвестициялық келісімшартты тіркейді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші электрондық нысанда дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» орналастыру арқылы электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.

14 14. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

15

15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттаманы жасау және көрсетілетін қызметті берушімен қол қою үшін портал операторын хабардар етеді.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі

16 16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

17 17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қарайтын органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

18 18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

1 Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім
1. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұл­ға­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
1.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­ды тұл­ға­сы­ның ата­уы
2.
Тұр­ған же­рі: заң­ды ме­кен­жайы және нақ­ты тұр­ған же­рі
3.
Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН)
4.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бас­шы­сы
____________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(бар болған кез­де)
____________________________
(те­ле­фон, факс,
элек­трон­дық по­шта­сы)
5.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң­ды тұл­ға­сы­ның бас бух­гал­те­рі
____________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(бар болған кез­де)
____________________________
(те­ле­фон, факс,
элек­трон­дық по­шта­сы)
6.
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ме­не­дже­рі
____________________________
(те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(бар болған кез­де)
____________________________
(те­ле­фон, факс,
элек­трон­дық по­шта­сы)
2. Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
7.
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның ата­уы
____________________________
8.
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру ор­ны (об­лыс, аудан, қа­ла)
9.
Ин­ве­сти­ци­я­лау үшін таң­дал­ған қыз­мет­тің ба­сым тү­рі(ле­рі) (эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­у­ші сы­нып­та­ры­ның дең­гей­ін­де)
____________________________
10.
Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын есеп­ке ал­май заң­ды тұл­ға­ның тір­кел­ген ак­тив­тер­ге ин­ве­сти­ци­я­лар­дың кө­ле­мі (тір­кел­ген ак­тив шы­ғын­да­ры пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген­ге дей­ін ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім­ді бер­ген күн­ге дей­ін
24 ай­дан соң ес­ке­рі­ле­ді)
____________________________
(тең­ге)
11.
Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, мы­на­лар­дың:
1) мен­шік қа­ра­жа­тың
2) қарыз қа­ра­жа­тың
3) бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның бо­луы
1)___________________________
(мен­шік қа­ра­жа­ты­ның бо­луын
рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы,
№, кү­ні)
2)___________________________
(жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рін
бел­гі­лей­тін құ­жат­тың ата­уы,
№, кү­ні, кре­ди­тор)
3)___________________________
(бюд­жет қа­ра­жат­та­рын
қар­жы­лан­ды­ру­ды рас­тай­тын
құ­жат­тың ата­уы, №, кү­ні)
3. Жо­ба­ны іс­ке асы­ру үшін та­лап еті­ле­тін ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар*
12.
Мы­на­лар­ды:
1) тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың, оның жи­нақ­та­уы­шта­ры­ның;
2) тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің, ши­кі­зат пен ма­те­ри­ал­дар­дың им­пор­ты ке­зін­де ке­ден баж­да­рын са­лу­дан боса­ту
1)___________________________
(же­ңіл­де­ті­л­ген со­ма)
2)___________________________
(же­ңіл­де­ті­л­ген со­ма)
13.
Ши­кі­заттар­дың және (неме­се) ма­те­ри­ал­дар­дың им­пор­ты ке­зін­де қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын тө­ле­уден боса­ту
____________________________
(же­ңіл­де­ті­л­ген со­ма)
14.
Ке­ден­дік та­зар­ту­ды жүр­гі­зу ор­ны
15.
Мем­ле­кет­тік заттай грант
____________________________
(на­рық құ­ны)
____________________________
(ал­дын ала ке­лі­су­ді
рас­тай­тын құ­жат­тар)
16.
Жер са­лы­ғы бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер**
____________________________
(шар­ттық со­ма­сы)
17.
Мү­лік са­лы­ғы бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер**
____________________________
(шар­ттық со­ма­сы)
18.
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша же­ңіл­дік­тер***
____________________________
(шар­ттық со­ма­сы)
19.
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші­нің са­ны***, оның ішін­де (ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды ұсы­ну­ға ар­нал­ған өті­нім­ге тар­ты­ла­тын ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны­на сәй­кес):
1) бас­шы­лар,
2) жо­ға­ры бі­лі­мі бар ма­ман­дар,
3) бі­лік­ті жұ­мыс­шы­лар
1)___________________________
(адам са­ны)
2)___________________________
(адам са­ны)
3)___________________________
(адам са­ны)
Ескертпе:
* қажеттілігіне карай толтырылады;
** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға үшін арналған;
*** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.
4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы
______________________________________________________________
(атауы)
Инвестордың атауы: _____________________________________________
1-бө­лім: тір­кел­ген ак­тив­тер­ге ин­ве­сти­ци­я­лар, мың тең­ге
Шы­ғын бап­та­ры
Тір­кел­ген ак­тив­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу кү­ні
Күн­тіз­бе­лік жыл
Бар­лы­ғы
1-жар­ты­жыл­дық
2-жар­ты­жыл­дық
Жыл бой­ын­ша жиы­нын­да
1-бө­лім бой­ын­ша жиы­нын­да:
2-бө­лім: тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қо­сал­қы бөл­шек­тер, ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар им­пор­ты, са­ны
Шы­ғын бап­та­ры
Өл­шем бір­лі­гі
Иге­ру ке­зе­ңі
Бар­лы­ғы
1-жар­ты­жыл­дық
2-жар­ты­жыл­дық
Жыл бой­ын­ша жиы­нын­да
1. Қо­сал­қы бөл­шек­тер, оның ішін­де:
2. Ши­кі­зат, ма­те­ри­ал­дар, оның ішін­де:
2-бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
3-бө­лім. Өн­ді­рі­стік көр­сет­кіш­тер, заттай кө­рі­ні­сте­гі са­ны
№ р/н
Та­у­ар­лар­дың жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы
Күн­тіз­бе­лік жыл
Бар­лы­ғы
1-жар­ты­жыл­дық
2-жар­ты­жыл­дық
Жыл бой­ын­ша жиы­нын­да
3-бө­лім бой­ын­ша жиы­ны:
5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.

Ата­уы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның сырт­қы эко­но­ми­ка­лық ко­мис­си­я­сы­ның та­у­ар­лық но­мен­кла­ту­ра­сы- ЕА­ЭО СЭҚ ТН (кем де­ген­де ал­ғаш­қы 6 бел­гі)
Өл­шем
бір­лі­гі
Са­ны
Та­у­ар­лар­ды бір­дей жік­те­у­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін құ­жат­тар*
1.
Жиы­ны:
Ескертпе:
* қажеттілігіне қарай болған жағдайда толтырылады;
** тауарларды жіктеу іштері бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтінім берген заңды тұлға басшысының қолымен расталған құжаттарды қамтуы тиіс.
6. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының талаптарын қамтылған сақтаған кезде беріледі.
_____________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға
басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
_____________________
(қолы және күні)

1-1 Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімге
қосымша
Нысан
Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Те­гі, аты, әке­сі­нің аты, (оның ішін­де ла­тын әріп­те­рі­мен)
Туы­л­ған кү­ні
Аза­мат­тығы/ тұр­ғы­лық­ты елі
Пас­пор­ты­ның нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні мен бер­ген ор­ган (же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат)
Тар­ту ке­зе­ңі (ай, жыл)
_____________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға
басшысының тегі, аты, әкесінің ат
(бар болған кезде)
_____________________
(қолы және күні)

2 «Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
2-қосымша
«Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Сырт­қы іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің Ин­ве­сти­ция ко­ми­те­ті
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тә­сіл­де­рі
веб-пор­тал «элек­трон­дық үкі­мет» www.​egov.​kz (бұ­дан әрі– пор­тал).
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
құ­жат­тар топ­та­ма­сы тап­сы­ры­л­ған сәт­тен ба­стап - 27 (жиыр­ма же­ті) жұ­мыс кү­ні.
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­ды (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет нәти­же­сі
Ин­ве­сти­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ды және ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ді көз­дей­тін ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ны іс­ке асы­ру­ға ке­лі­сім­шарт жа­са­су неме­се осы Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғы­мен қа­рас­ты­ры­л­ған жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну­дан бас тар­ту ту­ра­лы жа­з­ба­ша ны­сан­да уәжді түр­де­гі жа­у­ап.
6.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де өн­ді­ріп алы­на­тын тө­лем со­мма­сы және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көр­се­ті­л­ген жағ­дай­да оны жи­нау тә­сіл­де­рі
Те­гін
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін.
2) пор­тал – жөн­деу жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін неме­се де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш біл­дір­ген кез­де, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және нәти­же­ле­рін бе­ру мем­ле­кет­тік қыз­ме­ті ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан мем­ле­ке­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер ті­зі­мі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар бе­ру жө­нін­де элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ні­мі;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жар­ғы­сы­ның заң­ды тұл­ға бас­шы­сы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
3) биз­нес-жос­пар­дың мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес сәй­кес жа­сал­ған, заң­ды тұл­ға­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім мем­ле­кет­тік заттай грант­тың бе­рі­лу­ін көз­де­ген жағ­дай­да, «Мем­ле­кет­тік мү­лік ту­ра­лы» Заң­ның 203-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі сұ­ра­тқан мем­ле­кет­тік заттай грант­тың мөл­ше­рін (құ­нын) рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (заттай грант­тың ба­ға­сы) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін ұсы­на­ды.
Ком­му­нал­дық мү­лік­тің на­рық­тық құ­ны ба­ға­лан­ған жағ­дай­да, жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен тап­сы­рыс бе­ру­ші бо­ла­ды.
Рес­пуб­ли­ка­лық мү­лік­тің на­рық­тық құ­ны ба­ға­лан­ған жағ­дай­да, рес­пуб­ли­ка­лық мү­лік­ті бас­қа­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен тап­сы­рыс бе­ру­ші бо­ла­ды;
5) ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім мем­ле­кет­тік заттай грант­тың бе­рі­лу­ін көз­де­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның мем­ле­кет­тік заттай грант­ты бе­ру жө­нін­де­гі ал­дын ала ке­лі­сі­мі­нің элек­трон­ды кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды;
6) ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім са­лық­тар бой­ын­ша пре­фе­рен­ци­я­лар бе­ру­ді көз­де­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Заң­ның 64-1-ба­бын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен құ­ры­лыс жо­ба­ла­ры­на жа­сал­ған ве­дом­ст­во­дан тыс ке­шен­ді са­рап­та­ма қо­ры­тындыс­ы­ның заң­ды тұл­ға бас­шы­сы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды;
7) ин­ве­сти­ци­я­лық пре­фе­рен­ци­я­лар­ды бе­ру­ге ар­нал­ған өті­нім ше­тел­дік жұ­мыс кү­шін тар­ту құқы­ғы ұсы­ны­л­ға­нын көз­де­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы тар­ты­ла­тын ше­тел­дік жұ­мыс­кер­дің пас­пор­ты неме­се же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жа­ты­ның (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы бар), жұ­мыс бе­ру­ші мен тар­ты­ла­тын ше­тел­дік жұ­мыс­кер ара­сын­да жа­сал­ған ең­бек шар­ты­ның (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы бар), оның бі­лік­ті­лі­гін және (неме­се) бі­лі­мін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі аудар­ма­сы бар) элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рін ұсы­на­ды;
8) ин­ве­сти­ци­я­лық ба­сым жо­ба ба­сым ту­ри­стік аумақ­тар­да іс­ке асы­ры­л­ған жағ­дай­да, ту­ри­стік қыз­мет са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік бас­қа­ру функ­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ра­тын ор­та­лық ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ин­ве­сти­ци­я­лық ба­сым жо­ба ба­сым ту­ри­стік аумақ­тар­да іс­ке асы­ры­ла­ты­нын рас­тай­тын ха­ты қо­са бе­рі­ле­ді.
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­лер­де қам­ты­л­ған же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ның мем­ле­кет­тік тір­ке­уі (қай­та тір­ке­уі) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­лер­ден алы­на­ды.
9.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­де­ме­лер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­та­уы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) мем­ле­кет­тік мү­лік­ті, жер ре­сур­ста­рын, ке­ден іс­ін бас­қа­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, сон­дай-ақ жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға те­ріс жа­у­а­бы;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар бол­са;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге­де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Сырт­қы іс­тер Ми­ни­стр­лі­гі – www.​mfa.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» де­ген бө­лі­мін­де;
2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның www.​gov4c.​kz. ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол­жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: 1414, 8 800 080 7777

2-1 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

«Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді көздейтін
инвестициялық жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт жасасу»
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

1 1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

1 1) жобаның түйіндемесі;

2 2) технологиялық бөлім;

3 3) коммерциялық бөлім;

4 4) әлеуметтік-экономиялық ықпалы;

5 5) қаржылық бөлім.

2 2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) заңды тұлға туралы ақпарат:

елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;
квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;

2 2) жоба бойынша ақпарат:

жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту және жаңарту);
құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;
экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ);

3 3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды;

1 1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;

2 2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;

3 3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;

4 4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

2 2) маркетинг:

өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге беру болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;

5 5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалету өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:

жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты беруші, шикізат пен материалдарды беруші, делдалдар;

2 2) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

3 3) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерін бөлу (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады);

4 4) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы;

5 5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.

6 6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

1 1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

меншік қаражаты;
қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;
бюджеттік қаражат;

2 2) қаржылық талдау:

инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;
жобаның өмірлік циклі ішінде таза дисконттық кіріс (NPV);
жобаның өмірлік циклі ішінде түсімдердің ішкі нормасы;
жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (қарапайым және дисконттық);
табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);
осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

7 7. Бизнес-жоспарды тігу және нөмірлеу, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталуы қажет.

2-1-1 Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша
Нысан
Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын
шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау
Та­у­ар­дың ата­уы
Тех­ни­ка­лық си­па­ты
Құн­дық си­па­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның ел­де­рін­де
Бас­қа (лар) ел­де(рде)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы­ның ел­де­рін­де
Бас­қа (лар) ел­де(рде)

2-1-2 Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
Нысан
Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)
Құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де
Пай­да­ла­ну­ға ен­гіз­ген­нен кей­ін (1 жыл)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры
Ше­тел­дік жұ­мыс кү­ші

2-1-3 Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
Нысан
Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы
Р/с №
Кә­сіп­тің ата­уы
Бі­лік­ті­лік дең­гейі
(та­риф­тік раз­ря­ды, са­на­ты)
Са­ны

2-1-4 Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
Нысан
Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі
Бюд­жет­ке мін­дет­ті тө­лем­дер­дің түр­ле­рі
күн­тіз­бе­лік жыл
күн­тіз­бе­лік жыл
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­май бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­ған­да бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­май бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
пре­фе­рен­ци­я­лар­ды есеп­ке ал­ған­да бюд­жет­ке тү­се­тін тү­сім
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Мү­лік са­лы­ғы
Жер са­лы­ғы
Ке­ден­дік баж са­лы­ғы
Әле­умет­тік са­лық
Зей­не­та­қы тө­лем­де­рі

Қолданыстағы