Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении удостоверяющего центра

Бұйрық · № 1242 · қабылданған 25.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97482/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении удостоверяющего центра Күшін жойған 11.10.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении удостоверяющего центра

Күшін жойған Бұйрық № 1242 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении удостоверяющего центра
Атауы (қаз.)
Куәландырушы орталықты айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1242
Қабылданған күні
25.12.2015
Көрсетілген редакция
11.10.2022 97482_598090.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012791
ЭКБ идентификаторы
97482
Редакция идентификаторы
97482_598090
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:33
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Куәландырушы орталықты айқындау туралы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 6-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қауіпсіздік сертификаттарын электрондық түрде беретін куәландырушы орталығы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәуіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күг ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
______________ М. Құсайынов
2015 жылғы 30 желтоқсан