Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах по сохранности обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином накопительном пенсионном фонде в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции

Бұйрық · № 1029 · қабылданған 25.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97483/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах по сохранности обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином накопительном пенсионном фонде в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции Күшін жойған Бұйрық ·№ 1029 ·25.12.2015
23.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах по сохранности обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином накопительном пенсионном фонде в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1029 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах по сохранности обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином накопительном пенсионном фонде в размере фактически внесенных обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции
Атауы (қаз.)
Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1029
Қабылданған күні
25.12.2015
Көрсетілген редакция
23.10.2023 97483_662329.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012645
ЭКБ идентификаторы
97483
Редакция идентификаторы
97483_662329
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:34

0 Инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша кейбір мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларының 5, 8, 9, 14, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауға өтініш нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес sms-хабарлар журналының нысаны бекітілсін.

2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1029 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Ауданның коды __________________
Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
_________________ бойынша департаменті
Өтініш
Туған күні 19 __ ж. «___» ______________, _______________________________________
мекенжайында тұратын
азамат (ша) _____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
Менің жеке зейнетақы шотым ______________________________________________________
Менің ЖСН _______________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
№ _____________________________
Кім берді _________________ Берілген күні _________________________
Инфляция деңгейін ескере отырып, маған
_________________________________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет)
сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды
сұраймын.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапты боламын.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және _______
_______________________________________ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті
кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) есебінен зейнетақы
жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін.
Инфляция деңгейін ескере отырып, ________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді
жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Инфляция деңгейін ескере отырып, ________________________________________________
_________________________________________________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының
(жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
шешім қабылдау жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу арқылы хабарлауға
келісім беремін.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _________ ұялы телефоны ____________ E-mail ____________
Өтініш берген күні___________________
Өтініш берушінің қолы _______________
Азамат (ша) ________________________________________________ өтініші
20___ ж. «___» № ____________ қабылданды,
құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымы және қолы: ________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с №
Құжаттың атауы
Құжаттағы парақтардың саны
Ескертпе
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) __________________ өтініші № ___________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған күн _____________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы: ____________

2 Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1029 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан
бас тарту туралы) шешім
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ бойынша департаментінің 20 ___ жылғы «__» ______________ №______ шешімі
Іс №____________
Инфляция деңгейін ескере отырып, ____________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы)
Азамат (ша) ____________________________________________________
Жынысы ____________ Туған күні 19 ___ ж. «__» ____________________
Өтініш берген күні 20 ___ ж. «__» ___________ № ____________________

1. Инфляция деңгейі ескерілген сома:

міндетті зейнетақы жарналары бойынша _________________________________________ теңге;
(сомасы жазбаша)
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша сомасы _________________________ теңге
(сомасы жазбаша).

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы (керегін толтыру қажет):

міндетті зейнетақы жарналары бойынша _______________________________________ теңгені;
(сомасы жазбаша)
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша ______________________________ теңгені
(сомасы жазбаша)
құрайды.

3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21

маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция
деңгейін ескере отырып, _________________ __________________________________________
(міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар
түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма
төлемінің сомасы: __________________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын.
(сомасы жазбаша)

4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын ___________________________

(негіздеме)
М.О.
Департамент директоры ________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Басқарма (бөлім) басшысы _____________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Тағайындау жөніндегі маман ___________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Шешім жобасы дайындалды:
М.О.
Бөлімше бастығы ______________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)
Бөлімше маманы _______________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) (қолы)

3 Sms-хабарлар журналы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1029 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Sms-хабарлар журналы
_________________________
(төлемнің түрі)
р/с №
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні
Істің №
Sms-хабар жіберілген күн
Телефон№
Маман
_________________ бөлімшесі бойынша
___________________________________

Қолданыстағы