Об утверждении Правил ликвидации государственной исламской специальной финансовой компании
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ликвидации государственной исламской специальной финансовой компании
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1167
- Қабылданған күні
- 31.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 97554_82593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500001167
- ЭКБ идентификаторы
- 97554
- Редакция идентификаторы
- 97554_82593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:17
0 Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын
тарату қағидаларын бекіту туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1167 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын
тарату қағидалары
1 1. Осы Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидалары «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын (бұдан әрі – компания) тарату тәртібін айқындайды.
2 2. Компания соттың шешімі бойынша банкрот болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда таратылуы мүмкін.
3 3. Компанияны ерікті түрде тарату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Бұл ретте, компанияны ерікті түрде тарату компания шығарған мемлекеттік ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
4 4. Компанияны тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына компанияны тарату туралы шешім қабылданғаны туралы дереу жазбаша түрде хабарлайды.
5
5. Компанияның жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша компанияны тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде компанияны тарату комиссиясын тағайындайды, оған компанияның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк ауысады.
6
6. Тарату комиссиясы компанияны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында компанияны тарату комиссиясы құрылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмайды.
Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және қарыздарын алу үшiн шаралар қолданады, сондай-ақ кредиторларға компанияның таратылғаны туралы жазбаша хабарлайды.
7 7. Кредиторлар талаптарын қоюға арналған мерзiм аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы күнтізбелік отыз күн ішінде аралық тарату теңгерімін жасайды, онда компания мүлкiнiң құрамы, кредиторлар қойған талаптар тiзбесi, сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы мәлiметтер қамтылады.
Аралық тарату теңгерімін мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган бекiтедi.
8
8. Аралық тарату теңгерімін жасаған кезде таратылатын компания мүлкінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компанияға сатылған мүлік кірмейді. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының меншігіне береді.
9 9. Компанияның кредиторларына ақша төлеудi тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген кезек тәртiбiмен аралық тарату теңгерімі бекiтiлген күннен бастап, соған сәйкес жүргiзедi.
10
10. Компанияның таратылатын мемлекеттік ислам бағалы қағаздары бойынша олардың ұстаушылары алдында, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органның алдында міндеттемелері болған жағдайда, тарату мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттары ескеріліп жүзеге асырылады.