Құжат мәтініне өту

Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности

Бұйрық · № 1218 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97556/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности Қолданыста Бұйрық ·№ 1218 ·22.12.2015
01.01.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности

Қолданыста Бұйрық ·№ 1218 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проверочного листа в области космической деятельности
Атауы (қаз.)
Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1218
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
01.01.2023 97556_610452.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012760
ЭКБ идентификаторы
97556
Редакция идентификаторы
97556_610452
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:50

0 Ғарыш қызметі саласындағы

тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғарыш қызметi саласындағы тексеру парағы бекiтiлсiн.

2

2. «Ғарыш қызметі саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 858 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 631 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12143 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуiн;

2

2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналасуын;

4

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бірлескен бұйрықтың 3-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

5 5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2015 жылғы 30 желтоқсан

0 Тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 22
желтоқсандағы № 1218 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 810 бірлескен бұйрығына
қосымша
Нысан
Тексеру парағы
_______ғарыш қызметі _______________________ саласында/аясында
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 138-бабына сәйкес
_______________________________________________________________ қатысты
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
________________________________
____________________________________________________________________
___
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы
акт
____________________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________
____________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),
бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы___________________________________________

Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1
Тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жеке тұлғада (дара кәсіпкерде) жоғары білімінің болуы
2
Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы
3
Заңды тұлғаның штатында тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар құрамының кемінде 10%-ының болуы
4
Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы
5
Жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық процестің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жобаның болуы
Лауазымды адам (-дар) ___________________________ _______
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _____________ _________
лауазымы қолы
__________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қолданыстағы