О признании утратившим силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 662
- Қабылданған күні
- 31.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2015 97567_42409.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G15D0000662
- ЭКБ идентификаторы
- 97567
- Редакция идентификаторы
- 97567_42409
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:17
0 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
кейбір бұйрықтарының
күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Заңға тәуелді актілер департаменті:
1 1) осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК-не Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін жіберуді;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық «Әділет» жүйесінде ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 662 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы тізбе
1 1) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 № 8406 болып тіркелген) бұйрығы;
2
2) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 25 ақпандағы № 80 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 ақпандағы № 9180 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 қантарда № 12 (27888) «Казахстанская правда»; «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 1 қантарда № 12 (28490) жарияланған) бұйрығы;
3
3) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2014 жылғы 20 қарашадағы № 325 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 28 қарашада № 9913 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) бұйрығы;
4
4) «Мемлекеттік органдарды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 11968 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 тамызда № 11968 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) бұйрығы.