Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию "Правительство для граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 630
- Қабылданған күні
- 08.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.02.2018 97585_302739.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012849
- ЭКБ идентификаторы
- 97585
- Редакция идентификаторы
- 97585_302739
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:13
0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.
2
2. «Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 275 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11139 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйекте «Заң газетінде» № 138 (2724) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сонымен қатар Республикалық құқықтық ақпарат орталығына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3 3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен орындалуын;
2 2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 наурыздан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1189
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 630 бұйрығымен
бекітілген
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі
1 1. Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.
2 2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.
3 3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.
4
4. Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.