Об утверждении формы диплома для лиц командного состава судов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы диплома для лиц командного состава судов
- Атауы (қаз.)
- Кәсіби диплом нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1000
- Қабылданған күні
- 22.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2025 97591_776083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012551
- ЭКБ идентификаторы
- 97591
- Редакция идентификаторы
- 97591_776083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:56
0 Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған диплом нысанын бекіту туралы
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Кәсіби диплом нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 573 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8646 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазандағы № 243 (28182) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қараша
0 Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған ДИПЛОМ для лиц командного состава судов
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 22 қазандағы
№ 1000 бұйрығына
қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК
МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО
ТРАНСПОРТА
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған
ДИПЛОМ
для лиц командного состава судов
№ _____(НИКАД)
(номер и код административного документа)
ФОТО
ТЕГІ / ФАМИЛИЯ
[ ]
АТЫ / ИМЯ
[ ]
ӘКЕСІНІҢ АТЫ (БАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА) / ОТЧЕСТВО (ПРИ ЕГО НАЛИЧИИ)
[ ]
ЛАУАЗЫМ АЛУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР /
ИМЕЕТ ПРАВО ЗАНИМАТЬ ДОЛЖНОСТЬ
[ ]
КЕМЕЛЕР ТОБЫ / ГРУППЫ СУДОВ
[ ]
БЕРГЕН ОРГАН / ОРГАН ВЫДАЧИ
[ ]
БЕРІЛГЕН КҮНІ / ДАТА ВЫДАЧИ
[ ]
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) негізінде.
На основании приказа исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 «Об утверждении Правил дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11234).
ЭЦП подпись