О лишении статуса Памятника истории и культуры местного значения и исключении его из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О лишении статуса Памятника истории и культуры местного значения и исключении его из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және оны Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 475
- Қабылданған күні
- 08.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 12.05.2020 97611_461107.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15S0003535
- ЭКБ идентификаторы
- 97611
- Редакция идентификаторы
- 97611_461107
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:13
0 Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және оны Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 18) тармақшасына сәйкес, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Петропавл қаласындағы «Қазақстан» кинотеатрына жасалған 2013 жылғы 04 қыркүйектегі тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 66 мекенжайында орналасқан 1978 жылы салынған «Қазақстан» кинотеатры жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылып тасталсын.
2
2. «Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 қаулысына (2011 жылғы 29 қаңтар «Северный Казахстан» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1766 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінің 41-жолы алып тасталсын.