Құжат мәтініне өту

Об определении видов и размера поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, а также утверждении порядка их поощрения

Қаулы · № 733 · қабылданған 10.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97625/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об определении видов и размера поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, а также утверждении порядка их поощрения Қолданыста Қаулы ·№ 733 ·10.12.2015
10.12.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и размера поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, а также утверждении порядка их поощрения

Қолданыста Қаулы ·№ 733 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и размера поощрений граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка, а также утверждении порядка их поощрения
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлерін айқындау және оларды мадақтаудың тәртібін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
733
Қабылданған күні
10.12.2015
Көрсетілген редакция
10.12.2015 97625_43365.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UJ003528
ЭКБ идентификаторы
97625
Редакция идентификаторы
97625_43365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:08

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге

қатысатын азаматтарды мадақтаудың
түрлері мен мөлшерлерін айқындау және
оларды мадақтаудың тәртібін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген тәртібі бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Т.Керімбеков жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Оңтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер департаменті Сайрам
ауданының ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Мейірхан
«10» желтоқсан 2015 жыл

5 Сайрам ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№733 қаулысына қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

1 1. Сайрам ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

2 2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

3 3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

9 Сайрам ауданы әкімдігінің

2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№733 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау Тәртібі
Осы Тәртіп қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

2 2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияның қарауына «Оңтүстік Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Сайрам ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Сайрам ауданының ІІБ) енгiзедi.

3 3. Көтермелеу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiм негiз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша Сайрам ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.

6 6. Сайрам ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

7 7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, 252 003 «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

8 8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi Сайрам ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Қолданыстағы