Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Аксу

Қаулы · № 21/1 · қабылданған 11.01.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97708/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Аксу Қолданыста Қаулы ·№ 21/1 ·11.01.2016
11.01.2016 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Аксу

Қолданыста Қаулы ·№ 21/1 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Аксу
Атауы (қаз.)
Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң кейбір қаулыларының күшi жойылған деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
21/1
Қабылданған күні
11.01.2016
Көрсетілген редакция
11.01.2016 97708_42568.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G16PB00211A
ЭКБ идентификаторы
97708
Редакция идентификаторы
97708_42568
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:13

0 Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң кейбір қаулыларының

күшi жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы “Нормативтiк құқықтық актiлер туралы” Заңының 40-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2013 жылғы 27 желтоқсандағы “Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы” № 912/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3679 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 10 “Ақсу жолы” және № 10 “Новый путь” газеттерінде жарияланған);
Ақсу қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 20 сәуірдегі “Ақсу қаласы әкімдігі атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы” № 305/4 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4462 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырдағы № 19 “Ақсу жолы” және № 19 “Новый путь” газеттерінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

Қолданыстағы