Об утверждении Правил адаптации молодых сотрудников и осуществления наставничества в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Жас қызметкерлердің бейімделу рәсімдерінен өтуі атқарып отырған лауазымы бойынша оған жүктелген жедел-қызметтік міндеттерді өз бетімен және сапалы орындау үшін кәсіби білімдерді және тұрақты практикалық дағдыларды меңгеру, таңдап алған кәсібіне қызығушылықты дамыту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, қызметтің қиындықтарына моральдық-психологиялық тұрақтылықты, тәртіптілікті және заңдылықтың қатаң сақталуын нығайту мақсатында қажет.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жас қызметкерлердің бейімделуі – жас қызметкердің кәсіби дағдыларын меңгеру, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылу, ЭТҚ-ғы қызметке бейімділікті қалыптастыру процесі;
Тармақша 2
2) жас қызметкерлер – ЭТҚ қызметіне алғаш тұрған және қызметке тұрған күнінен бастап бір жыл мерзім бойы оны өткеретін адамдар;
Тармақша 3
3) тәлімгер – жас қызметкер бекітіліп берілген, оның кәсіби даярлығы мен дамуына практикалық көмек көрсететін қызметкер;
Тармақша 4
4) Тәлімгерлер кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) – ЭТҚ-ның кәсіби өзегін, сабақтастығын нығайтуға шақырылған тәлімгерлердің қызметін үйлестіретін ұжымдық қызметтің тұрақты жұмыс істейтін органы.
Тарау 2. 2. Жас қызметкерлерді бейімдеу тәртібі
2. Жас қызметкерлерді бейімдеу тәртібі
Тармақ 4
4. ЭТҚ-да жас қызметкерді бейімдеу тәлімгерлік арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жас қызметкер қалыптасу процесінде мынадай бейімделу кезеңдерінен өтеді:
Тармақша 1
1) кәсіби бейімделу – оған қатысты тәлімгерлік жүзеге асырылатын адамның кәсіби білім жүйесін және дағдыларын, оларды практикада тиімді қолдану мүмкіндігін меңгеру процесі;
Тармақша 2
2) лауазымдық бейімделу – оған қатысты тәлімгерлік жүзеге асырылатын адамның қызметтік жұмыс жағдайларына және режиміне ыңғайлану, лауазымдық міндеттерін сапалы орындау дағдыларын алу жолымен атқарып отырған лауазымға бейімделу процесі;
Тармақша 3
3) тұлғааралық бейімделу – кәсіби қызығушылықтар мен бейімдердің негізінде әріптестермен белгілі бір қарым-қатынасты құру жолымен топқа қатыстылық сезімін қалыптастыру. Бұл ретте, объективті факторлар ретінде қарым-қатынас құрылымы, коммуникация жүйесі, ұжымның нормалары мен құндылықтары, ұжымдағы тұлғаның мәртебесі шығады.
Тармақ 6
6. ЭТҚ жас қызметкерлерінің бейімделу қызметін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кадр қызметіне, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері (бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына жүктеледі:
Тармақша 1
1) жаңадан қабылданған немесе тағайындалған қызметкерді жеке құрамға таныстыратын, тәлімгерді тағайындау туралы бұйрықты жариялайтын;
Тармақша 2
2) жас қызметкерлермен жұмыс жоспарларын жасауда оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсететін, олардың орындалуы үшін пәрменді бақылауды қамтамасыз ететін;
Тармақша 3
3) тәлімгердің жас қызметкермен бірлесіп қызмет өткеруі, олардың қызметтік міндеттерін орындауы, олардың заңнамаларды, қосымша әдебиеттерді зерделеуі үшін жағдайларды құратын;
Тармақша 4
4) тәлімгерлікті ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделейтін және қорытындылайтын, тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, қызметтік міндеттерді шешуде оның рөлін арттыру және заңдылықты сақтау туралы ұсыныстарды енгізеді.
Тарау 3. 3. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі
3. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 7
7. Тәлімгерлік жас қызметкерге үш айдан алты айға дейінгі ұзақтығымен белгіленеді. Тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзіміне белгілі бір себептер бойынша жас қызметкердің немесе тәлімгердің жұмыста жоқ болу кезеңі есептелмейді.
Тармақ 8
8. Тәлімгерлер белгілі бір кәсіби тәжірибесі бар және мынадай талаптарға сәйкес келетін ЭТҚ қызметкерлерінің ішінен таңдалып алынады:
Тармақша 1
1) құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл еңбек сіңірген жылдарының болуы;
Тармақша 2
2) тәртіптік жазалардың болмауы. Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тәлімгердің кандидатурасы болмаған кезде тәлімгер ретінде жас қызметкердің тікелей басшысы бекітіледі.
Тармақ 9
9. Тәлімгер ретінде қызметкерді бекіту ұсыным, Комитет төрағасының, не аумақтық органы басшысының бұйрығы негізінде жас қызметкерді ЭТҚ қызметіне қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Жас қызметкермен жұмыс нәтижелері Кеңес отырысында бағаланатын тәлімгердің пікірінде көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Тәлімгерлікті қысқарту мынадай жағдайларда Комитет төрағасының, не аумақтық органы басшысының бұйрығымен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тәлімгердің қаржы мониторингі органдарынан жұмыстан шығуы;
Тармақша 2
2) тәлімгердің немесе жас қызметкердің басқа аумақтық органға ауысуы (тағайындалуы) не басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберілуі;
Тармақша 3
3) тәлімгердің немесе жас қызметкердің қызметтің басқа ерекшелігімен байланысты басқа лауазымға ауысуы. Бұл ретте, жас қызметкер үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі өзгермейді.
Тармақ 12
12. Қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны және жас қызметкердің кәсіби қалыптасуына және тәрбиесіне елеулі үлес қосқаны үшін тәлімгерлер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабымен көзделген көтермелеу түрлерімен көтермеленуі мүмкін.
Тармақ 13
13. Тәлімгер оған қойылған міндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымдық нұсқаулықты, жұмыс ерекшелігін, зияткерлік даму деңгейін, физикалық, білім беру және арнайы кәсіби даярлықты ескере отырып жас қызметкерді бейімдеудің дара жоспарын әзірлейді, және онымен жүргізілген жұмысты есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәлімгер күнделігін жүргізеді;
Тармақша 2
2) жас қызметкерге бейімдеудің дара жоспарымен көзделген іс-шараларды орындауда көмек көрсетеді, оның орындалуына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жас қызметкерге таңдап алған кәсібінің дағдыларын меңгеруге көмектеседі, оған лауазымдық нұсқаулықты түсіндіреді, өзінің мысалымен қызметтік міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындаудың практикалық мысалдарын, тәсілдерін және әдістерін көрсетеді, жол берілген қателерді анықтайды, уақтылы жояды және бірлесіп талдайды;
Тармақша 4
4) қырағылық пен мұқияттылықты көрсетеді, өркөкіректікке жол бермейді, жас қызметкердің жұмыс нәтижесіне бағаны әдепті түрде береді;
Тармақша 5
5) жас қызметкердің жігерлілік, моральдық- өнегелік және іскери қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға, азаматтарға, тұрмыстық жағдайын, қатынасын, әуестенулерін, бейімділігін, демалу қарым-қатынасының аясын жан-жақты зерделейді, әлеуметтік мәселелерді талқылауға белсенді қатысады және қызмет өткеру кезінде моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтады;
Тармақша 6
6) жас қызметкердің қызметтік және қоғамдық қызметпен, қызметтен тыс мінез-құлқымен байланысты мәселелерді талқылауға қатысады, ЭТҚ басшысына оны көтермелеу, тәрбиелік және тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдану туралы ұсынысын енгізеді;
Тармақша 7
7) жас қызметкерді ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады;
Тармақша 8
8) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейімделу кезеңі өткен соң пікір жасайды;
Тармақша 9
9) Кеңесте жас қызметкердің бейімделу процесі, тәртібі мен мінез-құлқы және оның қалыптасуына өзінің жеке әсерінің нәтижелері туралы есеп береді. Бір тәлімгерге кем дегенде екі қызметкер бекітіледі.
Тармақ 14
14. Жас қызметкер:
Тармақша 1
1) қызметтік жұмыстың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгереді;
Тармақша 2
2) заңнамаларды және ұсынылған әдебиетті өз бетімен зерделейді, белгіленген мерзімде дара жоспармен көзделген іс-шараларды орындайды;
Тармақша 3
3) қажетті дағдыларды меңгереді, кәсіби, сауатты, әдепті түрде азаматтармен, әріптестермен, қоғамдастықтардың өкілдерімен өзінің қатынастарын құрайды;
Тармақша 4
4) тәлімгерден жұмыстың барлық озық нысандары мен әдістеріне, алға қойған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешуді тырысып үйренеді, тәлімгердің нұсқаулары мен ұсынымдарын уақтылы орындайды;
Тармақша 5
5) ұжымның намысын бағалайды, өзін қызметте және қызметтен тыс кезінде лайықты ұстайды, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Тармақ 15
15. Кеңес қызметінің мақсаты:
Тармақша 1
1) қажетті кәсіптік, адамгершілік қасиеттеріне ие тәжірибелі, беделді қызметкерлердің ішінен тәлімгерлерді таңдауға қатысу;
Тармақша 2
2) тәлімгерлерге олардың жас қызметкерлермен жұмысын жоспарлау және жүргізуде практикалық, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 3
3) тәлімгерліктің оң тәжірибесін зерделеу, қорытындылау және тарату болып табылады.
Тармақ 16
16. Кеңестің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) тәлімгерлерді жас қызметкермен жүргізген жұмысы, қызметтік жұмысы мен тұрмыстық қатынастары туралы тыңдау;
Тармақша 2
2) қаржы мониторингі органының басшылығына тәлімгерліктің ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша және ЭТҚ үздік тәлімгерлерін көтермелеу туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 3
3) қызметтік жұмысты жетілдіру бойынша тәлімгерлердің және жас қызметкерлердің өтініштерін қарау;
Тармақша 4
4) тәлімгер мен жас қызметкердің арасындағы даулы жағдайларын қарастыру;
Тармақша 5
5) Комитет төрағасына, не аумақтық органы басшысына жас қызметкердің сынақ мерзімін және бейімделуді өту кезеңінде қызметтік және еңбектік тәртіптің бұзушылығына бірнеше рет жол бергені үшін ЭТҚ-да одан әрі қызмет өткеруі туралы ұсынысты енгізу болып табылады.
Тармақ 17
17. Кеңес Комитетте, сондай-ақ аумақтық органдарда құрылады.
Тармақ 18
18. Төрағадан, орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұратын Кеңестің құрамы Комитет төрағасының, не аумақтық органы басшысының бұйрығымен айқындалады. Кеңес кем дегенде жеті адамнан тұрады. Кеңестің төрағасы құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасары не аумақтық органы басшысының орынбасары болып табылады. Кеңес төрағасының орынбасары – қаржы мониторингі органдарының кадр қызметінің басшысы. Кеңес хатшысы - қаржы мониторингі органдарының кадр қызметінің қызметшісі. Кеңестің өзге де мүшелері ЭТҚ басшы лауазымдарын атқаратын қызметкерлерден тұрады.
Тармақ 19
19. Кеңес төрағасының орынбасары жұмысты ұйымдастырады және Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарады.
Тармақ 20
20. Кеңес хатшысы:
Тармақша 1
1) Кеңес жұмысының ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес мүшелерін отырысты өткізу орны, уақыты, күн тәртібі туралы ақпараттандырады;
Тармақша 3
3) отырыста талқыланатын мәселелер бойынша материалдарды таратады;
Тармақша 4
4) күн тәртібінің, отырысқа қатысушылар тізімінің дайындалуын, хаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 21
21. Кеңес мүшелері:
Тармақша 1
1) Кеңес отырысына енгізілетін мәселелерді дайындауға және алдын ала қарауға қатысады;
Тармақша 2
2) бейімдеудің дара жоспары бойынша ұсыныстарды енгізеді. Отырыстарды өткізу орны мен уақытын Кеңестің төрағасы айқындайды.
Тармақ 22
22. Кеңестің отырысы тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі, және мүшелердің жалпы санынан жартысынан көбі қатысқан кезде заңды деп саналады.
Тармақ 23
23. Кеңестің мүшелері отырыстарға жеке өздері қатысады.
Тармақ 24
24. Кеңес шешімдері алқалы қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
Басқа 1. Жас қызметкерді бейімдеудің жеке жоспары
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Нысан «Бекітемін» Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшенің (экономикалық тергеу қызметі) басшысы _______________________ 20 __ жылғы «____» _________ Жас қызметкерді бейімдеудің жеке жоспары Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Лауазымы:____________________________________________________ Бейімдеу кезеңінің басталған күні: ______________________________ р/с № Іс-шара Орындалу мерзімі Орындалғаны туралы белгі 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені зерделеу (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 430 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 3 қазандағы № 9846 болып тіркелді) 2. Жас қызметкердің лауазымдық нұсқаулықпен танысуы 3. Жас қызметкер қызмет өткеретін бөлімшенің орнымен және рөлімен, қаржы мониторингі органының құрылу тарихымен, ЭТҚ дәстүрлерімен және үздік қызметкерлермен таныстыруды жүргізу 4. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын және мемлекеттік кірістер органдарының қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құжаттарды зерделеу 5. ЭТҚ функцияларымен және міндеттерімен, оның құрылымымен танысуы 6. Жас қызметкердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру Қорытынды әңгімелесу Тәлімгер _____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, біліктілік сыныбы) _________________________________________________________________ «Келісілген» _________________________________________________________________ (Кеңес төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) 20 __ жылғы «____»____________
Басқа 2
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан ________________________________________________________________________ лауазымы, біліктілік сыныбы, ________________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________________________________________________________ бөлімше Басталды 20__ ж. ________________ Аяқталды 20__ ж. ___________________ Жас қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 20___ ж. ________ № ____ бұйрықпен ЭТҚ қызметке қабылданды. Күнделікті жас қызметкердің бейімделуден өту кезеңінде тәлімгер жүргізеді. Тәлімгерлік жұмысын жүргізу кезеңінде басқарма басшысы бекітетін жас қызметкерді бейімдеудің дара жоспары, сондай-ақ жас қызметкердің жігерлілік, моральдық-өнегелік және іскери қасиеттері, оның қызметке, ұжымға, азаматтарға қатынасы көрсетілетін пікір жасалады, әлеуметтік мәселелерді талқылауға белсенді қатысады және қызмет өткеру кезінде моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтады. Күнделіктер, тәлімгерлерде не тәлімгерлік жұмыс жоспарларының орындалуын бақылауға, күнделіктің мазмұнымен кез келген уақытта тексеруі және танысуы міндетті экономикалық тергеу қызметінің басшыларында сақталады. Тәлімгерлік жұмыстың аяқталуы бойынша күнделік Тәлімгерлер кеңесіне тәлімгерлікті жетілдіру бойынша шараларды талдау, қорытындылау және қабылдау үшін тапсырылады. _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________
Басқа 3
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Нысан (бейімдеу кезеңінің аяқталуы бойынша тәлімгер толтырады) Жас қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ Лауазымы______________________________________________________________ ЭТҚ қызметке қабылдау күні______________________________________________ Пікірді толтыру күні______________________________________________________ № р/с Са­па­сы Бі­лі­ну дә­ре­же­сі Өте қат­ты Қат­ты Ор­та­ша На­шар Өте на­шар 1. Сырт­қы кел­бе­тіне ұқып­ты­лы­ғы 2. Мақ­сат­кер­лі­гі 3. Та­бан­ды­лы­ғы 4. Бо­ры­штық мін­де­тін се­зі­нуі 5. Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі 6. Адал­ды­ғы 7. Тәр­тіп­ті­лі­гі 8. Өзіне-өзі сын­шыл­ды­ғы 9. Өзіне та­лап­қой­ғы­штығы 10. Ұй­ым­шыл­ды­ғы 11. Ұқып­ты­лы­ғы 12. Үнем­ді­лі­гі 13. Шы­ғар­ма­шы­лық қи­я­лы 14. Ой өрі­сі 15. Ең­бек сүй­гіш­ті­гі 16. Тың­дай бі­луі және қа­рым-қа­ты­на­сқа бей­ім­ді­гі 17. Әдеп­ті­лік 18. Адам­дар­мен бай­ла­ны­сты же­ңіл және тез ор­на­ту­дың бі­л­гір­лі­гі 19. Жо­ға­ры тұр­ған қыз­мет­кер­лер­мен қа­рым-қа­ты­на­сты дұ­рыс құ­ру­дың бі­л­гір­лі­гі 20. Әріп­те­стер­мен қа­рым-қа­ты­на­сты дұ­рыс құ­ру­дың бі­л­гір­лі­гі 21. Өз бі­лік­ті­лі­гін дер­бес арт­ты­ру­ға ты­ры­суы 22. Үй­ре­ну­ге қа­бі­лет­ті­гі 23. Аса қа­уіп­ті жағ­дай­лар­да­ғы өзін-өзі ұстай бі­луі, ұстам­ды­лы­ғы 24. Өз жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру қа­бі­лет­ті­лі­гі 25. Жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гі 26. Жұ­мыс­та­ғы ба­ста­ма­шыл­ды­ғы 27. Жұ­мыс­та­ғы дер­бес­ті­гі 28. Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді зер­де­леу са­па­сы 29. Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­мен жұ­мыс іс­тей бі­луі 30. Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді жұ­мыста пай­да­ла­на бі­луі 31. Функ­ци­о­нал­дық мін­дет­тер­ді орын­да­уы 32. Қыз­мет­тік тәр­тіп­ті сақ­та­уы 33. Ең­бек­тік тәр­тіп­ті сақ­та­уы Басқа да мәліметтер: ______________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Жас қызметкерді тәрбиелеу бойынша қандай қасиеттермен жұмыс істеу қажет: ___ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ҚОРЫТЫНДЫ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Тәлімгер «КЕЛІСЕМІН» __________________________ тікелей басшы 201__ ж. «___» __________ Ескертпе: Тәлімгерліктің аяқталуы бойынша пікір, бейімдеудің дара жоспары, тәлімгер күнделігі жас қызметкердің жеке ісіне қоса тігіледі.