Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений лиц с инвалидностью Республики Казахстан и (или) организаций, созданных общественными объединениями лиц с инвалидностью Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 1181 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97788/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений лиц с инвалидностью Республики Казахстан и (или) организаций, созданных общественными объединениями лиц с инвалидностью Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған Қаулы ·№ 1181 ·31.12.2015
01.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений лиц с инвалидностью Республики Казахстан и (или) организаций, созданных общественными объединениями лиц с инвалидностью Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы ·№ 1181 · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений лиц с инвалидностью Республики Казахстан и (или) организаций, созданных общественными объединениями лиц с инвалидностью Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1181
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
01.07.2023 97788_644608.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500001181
ЭКБ идентификаторы
97788
Редакция идентификаторы
97788_644608
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:19

0

Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1 Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі

1. Өндірілетін тауарлар:

1) төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, әртүрлі жастықтар, сүлгі, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар;

2) мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар;

3) мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, дәнекерлеуші костюмі, аккумуляторшы костюмі, жұмыс комбинезоны;

4) аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар;

5) түрлі халаттар, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім, сигналдық кеудеше, хирургиялық костюмдер, мақта-матадан жасалған бахилалар, өндірістік және шаруашылық персоналдың нысанды киімі, көрпе;

6) әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шылғаулар, әртүрлі ішкі жейделер, әртүрлі жейделер;

7) түрлі үшкіл орамалдар, беторамал, жаға астары, қолғаптар;

8) перделер, шымылдықтар, түрлі қаптар;

9) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;

10) орайтын қораптар, архив қораптары;

11) ағаш бұйымдар;

12) жиһаз.

2. Өндірілетін және (немесе) берілетін тауарлар:

1) тифлотехникалық құралдар;

2) жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар;

3) міндетті гигиеналық құралдар.

3. Орындалатын жұмыстар:

көгалдандыру.

4. Көрсетілетін қызметтер:

1) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жеткізу, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету;

2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету;

3) мүгедектігі бар адамдардың демалысын және санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру;

4) орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингтік қызметтер;

5) абаттандыру, көгалдандыру;

6) полиграфиялық көрсетілетін қызметтер;

7) кір жуу қызметтері.

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

1. «Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 193-құжат).

2. «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 285-құжат).

3. «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 325-құжат).

Қолданыстағы