Об утверждении Правил установления стандартов работ антикоррупционной службы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления стандартов работ антикоррупционной службы
- Атауы (қаз.)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 30.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2016 97824_126803.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012771
- ЭКБ идентификаторы
- 97824
- Редакция идентификаторы
- 97824_126803
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:21
0 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметінің жұмыс стандарттарын
белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 29-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі - Ұлттық бюро) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
4 4) осы бұйрықтың Ұлттық бюроның құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық бюроның Төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері министрінің
2015 жылғы 30 желтоқсан № 22
бұйрығымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жұмыс стандарттарын (бұдан әрі - Жұмыс стандарттары) белгілеу тәртібін анықтайды.
2 2. Жұмыс стандарттарын белгілеудің мақсаттары:
1 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің учаскелеріндегі және бағыттарындағы әрекеттерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу;
2 2) қызметтің нақты учаскелеріндегі, бағыттарындағы қызметкерлердің міндеттерін, әрекет ету тәртібін, өкілеттіктерін және салаларын нақтылау;
3 3) қызметке бірінші рет, сондай-ақ басқа лауазымдарға жаңа тағайындалған қызметкерлердің бейімделуінің тиімді процесін қамтамасыз ету;
3
3. Жұмыс стандарттарын әзірлеу қызметтік іс-әрекетті, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ержелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізінде жүргізіледі.