Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 358 · қабылданған 21.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97829/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 358 ·21.12.2015
30.09.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 358 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
358
Қабылданған күні
21.12.2015
Көрсетілген редакция
30.09.2021 97829_541185.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NP006135
ЭКБ идентификаторы
97829
Редакция идентификаторы
97829_541185
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:57

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар

балаларды үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

2 2. Мыналар:

1 1) кемтар балаларды оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;
оқу орнының мүгедек баланы үйде оқу фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.
Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіруге тиісті оқу жылы ішінде өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және әрбір кемтар балаға төленеді.

3 3. Мәслихаттың 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 298 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы», (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 5604 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырдағы «Науырзым тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
«Науырзым ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттiк мекемесінің басшысы
_____________________Ш. Абилова
2015 жылғы «21» желтоқсан

Қолданыстағы