Құжат мәтініне өту

Об установлении границ сельского округа Саина Шапагатова Тупкараганского района

Қаулы · № 29/438 · қабылданған 10.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97882/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об установлении границ сельского округа Саина Шапагатова Тупкараганского района Қолданыста Қаулы ·№ 29/438 ·10.12.2015
10.12.2015 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении границ сельского округа Саина Шапагатова Тупкараганского района

Қолданыста Қаулы ·№ 29/438 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении границ сельского округа Саина Шапагатова Тупкараганского района
Атауы (қаз.)
Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29/438
Қабылданған күні
10.12.2015
Көрсетілген редакция
10.12.2015 97882_44912.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15M0002938
ЭКБ идентификаторы
97882
Редакция идентификаторы
97882_44912
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:07

0 Түпқараған ауданының

Сайын Шапағатов ауылдық
округінің шекараларын
белгілеу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларын белгілеу туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы қаулы мен шешімнің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің жалпы көлемі 3748,8566 гектар болып шекарасы белгіленсін.

2 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д. Сейбағытов) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

6 Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң

2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 383
қаулысына және Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/438 шешiмiне 2 қосымша
Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің шекараларының сипаттамасы
Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округі Түпқараған ауданының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Сайын Шапағатов ауылдық округінің батыс шекарасы Каспий теңізінің жағалау желісі бойынша өтеді, солтүстіктен «Жайлау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен шектеседі, шығыстан «Ақтау халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жерлерімен шектеседі, оңтүстіктен Ақшұқыр ауылымен шектеседі. Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінің жалпы көлемі 3748,8566 гектарды құрайды.
Ауылдық округ жерінің құрамына кіреді:
үй маңындағы жер учаскелері бар тұрғын аймақтар – 108,0 гектар;
жолдар, көшелер, алаңдар – 21,6 гектар;
ауыл шаруашылық пайдаланудағы жерлер – 3263,0 гектар;
басқа да жерлер – 356,2566 гектар.

Қолданыстағы