О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Реабилитационный фонд" Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Реабилитационный фонд" Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1101
- Қабылданған күні
- 22.08.2001
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI9792_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P010001101_
- ЭКБ идентификаторы
- 9792
- Редакция идентификаторы
- AI9792_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:36
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Медетші қор" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Медетші қор" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) Қоғамның жарғысын бекіткен кезде қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік медетші банкіне республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан берілген несиелерді қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру болып анықталсын;
3 3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығы берілсін;
4 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 23 тамыздағы
N 1101 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. <*>
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1119қаулысымен.
3 3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-15-жолмен толықтырылсын:
"21-15 "Медетші қор" ЖАҚ".
4 4. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 217-2-жолмен толықтырылсын:
"217-2 "Медетші қор" ЖАҚ".