Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан

Бұйрық · № 692 · қабылданған 04.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97938/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 692 ·04.12.2015
04.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 692 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
692
Қабылданған күні
04.12.2015
Көрсетілген редакция
04.08.2021 97938_533966.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012850
ЭКБ идентификаторы
97938
Редакция идентификаторы
97938_533966
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:17

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 692 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

1

2

3

4

4. «Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10673 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 176 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кадастрды жүргізгенде «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша әзірленген парниктік газдарды түгендеу туралы есептері пайдаланылады.».

Қолданыстағы