Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения сертификата безопасности

Бұйрық · № 1241 · қабылданған 25.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-97964/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения сертификата безопасности Күшін жойған Бұйрық ·№ 1241 ·25.12.2015
27.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения сертификата безопасности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1241 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения сертификата безопасности
Атауы (қаз.)
Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1241
Қабылданған күні
25.12.2015
Көрсетілген редакция
27.03.2018 97964_314953.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012794
ЭКБ идентификаторы
97964
Редакция идентификаторы
97964_314953
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:33

0 Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидаларын бекіту туралы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1241 бұйрығымен
бекітілген
Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қауіпсіздік сертификатын қолдану қағидалары «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 6-3) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қауіпсіздік сертификатын қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) абонент – байланыс қызметтерін көрсету мақсатында абоненттік желі, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, байланыс қызметтерін көрсетуге онымен шарт жасасылған жеке немесе заңды тұлға;

2 2) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген байланыс қызметтерiн көрсететін заңды тұлға;

3 3) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;

4 4) интернет-трафик – белгілі бір уақыт кезеңінде Интернетке жалғау арқылы берілетін және қабылданатын ақпараттың көлемі;

5 5) куәландырушы орталық – уәкілетті орган айқындайтын, қауіпсіздік сертификаттарын электрондық нысанда беретін заңды тұлға;

6 6) қауіпсіздік сертификаты – шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық нышандар жинағы.

7

7) қалааралық және халықаралық байланыс операторы – қалааралық және халықаралық байланыс жолдарын, қалааралық және халықаралық коммутация станцияларын иеленетін және (немесе) пайдаланатын әрі трафик транзиті және басқа байланыс операторларына желілік ресурстарды беру бойынша қалааралық және халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсететін тіркелген байланыс операторы;

8 8) трафикті өткізу – байланыс қызметтерін (телекоммуникация желілерін) пайдаланушылар арасында жалғанымды орнату және ақпарат беру процесін жүзеге асыру.

3

3. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен шифрланған трафикті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жіберуге арналған Қазақстан Республикасы аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарымен шифрланған трафикті өткізуге таралмайды.

2 2. Қауіпсіздік сертификатын қолдану тәртібі

4

4. Куәландырушы орталығы берген қауіпсіздік сертификатын пайдалануды байланыс операторлары күшіне енген сот шешімімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілмеген ақпаратты телекоммуникация желісі бойынша таратуды шектеу, сондай-ақ Заңның 41-1-бабына сәйкес желілерді және (немесе) байланыс құралдарын қылмыстық мақсаттарда пайдалануды уақытша тоқтату не тоқтату мақсатында жүзеге асырады.

5 5. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары трафикті өткізуді Заңның 26-бабына сәйкес шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдалану арқылы жүзеге асырады.

6 6. Байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттар абоненттерді сервистерге немесе ресурстарға қолжетімділікті ұсынуды өзгерту туралы хабарландырады.

7 7. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттар жасалған байланыс операторларына және абоненттерге қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

8

8. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторы өзінің ресми интернет-ресурсында шифрлауды пайдаланатын сервистерге немесе ресурстарға қолжетімділікті ұсыну шарттары туралы ақпаратты, сондай-ақ қауіпсіздік сертификатын және оны бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын байланыс құралдарына орнату бойынша нұсқаулықты орналастырады.

9 9. Қауіпсіздік сертификатын қолданған кезде байланыс оператор оны қолданудың ұйымдастырушылық және техникалық шарттары туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

10

10. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының интернет-трафиктің транзиті бойынша қызметтерді көрсетуі және басқа мемлекеттердің байланыс операторларының желілік ресурстарын Қазақстан Республикасы аумағы арқылы ұсынуы куәландырушы орталық берген қауіпсіздік сертификатын қолданусыз жүзеге асырылады.

Қолданыстағы