Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера платы за пользование жилищем из государственного жилищного фонда города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2322
- Қабылданған күні
- 18.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 18.12.2015 97998_43586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SA003573
- ЭКБ идентификаторы
- 97998
- Редакция идентификаторы
- 97998_43586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:59
0 Петропавл қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Петропавл қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан Петропавл қаласы, Гастелло көшесі, № 50, № 52 үйлер мекен-жайында орналасқан тұрғын үй пәтерлеріндегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
2 2. «Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін белгіленген төлемақыны ескерумен мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын жасасын.
3 3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 4. Қаулының орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5 Петропавл қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «18» желтоқсандағы
№ 2322 қаулысына
қосымша
Петропавл қаласы, Гастелло көшесі, № 50, № 52 үйлер мекен-жайында орналасқан тұрғын үй пәтерлеріндегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына 1 шаршы метрге төлемақы мөлшері
Петропавл қаласында азаматтардың барлық санаттары үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшері айына мына формула бойынша есептеледі:
А=Ц/Т/12, мұндағы
А – азаматтардың барлық санаттары үшін жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метрге теңгемен);
Ц – тұрғын үйдің жалпы ауданының бір шаршы метрін салу құны (теңгемен);
Т – 1.04-26-2004 ҚР СН сәйкес ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл):
Жылжымайтын объектілер:
Гастелло көшесі, 50 үй
(502 130 638 : 5209,6):125:12= 64,2 тг/м2.
Жылжымайтын объектілер:
Гастелло көшесі, 52 үй
(594 027 394 : 7736,8):125:12= 51,1 тг/м2.
Петропавл қаласы, Гастелло көшесі, 50 үй мекен-жайындағы тұрғын үйдің пәтерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері айына бір шаршы метрге 64 теңге 2 тиынды құрайды.
Петропавл қаласы, Гастелло көшесі, 52 үй мекен-жайындағы тұрғын үйдің пәтерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлем мөлшері айына бір шаршы метрге 51теңге 1 тиынды құрайды.