Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области государственной статистики Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға;
Тармақша 3
3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатыстымемлекеттік статистика саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелікон күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу комитетінің төрағасы
С. Айтпаева ____________
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
Басқа 1. Мемлекеттік статистика саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 795 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік статистика саласындағы
тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісін тәуекелдер дәрежесіне жатқызу үшін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанына бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі
№ 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда Заңда айқындалған мағынадағы ұғымдар мен мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу кезіндегі ескертулер - Заңның 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» 2010 жылғы
10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама (бұдан әрі - Әдіснама) талаптарының сақталмауы бойынша ескертулер;
Тармақша 2
2) елеулі бұзушылықтар - техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық жіктеуіштердің қолданылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің деректерімен, оның ішінде электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - ЭӘШБЕА БҚ) деректер базасының ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқорының (бұдан әрі - АШЖ ДҚ) (5%-дан 15%-ға дейін), ЭӘШБЕА БҚ-ның тұрғын - үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрі - ТҚСТ) (5%-дан 15%-ға дейін) деректерімен сәйкессіздігі бойынша бұзушылықтар;
Тармақша 3
3) елеусіз бұзушылықтар - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 14 шілдедегі № 183 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6394 болып тіркелген) Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар), әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болмауына, сондай-ақ оны толтыру бойынша түсіндірмесінің болмауы бөлігінде, талаптардың сақталмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік дереккөздердің ресми интернет-ресурстарында жарияланатын өзекті емес (жаңартылмаған) әкімшілік деректердің болуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (5%-дан төмен), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (5%-дан төмен) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты бұзушылықтар;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқоры - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын жануардың иесі туралы деректерді ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;
Тармақша 5
5) мемлекеттік статистика саласындағы бұзушылық - бұл бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы нормаларының бұзушылығына әкеп соқтырған әрекеті немесе әрекетсіздігі;
Тармақша 6
6) өрескел бұзушылықтар – әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардың, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерінің уәкілетті органмен келісілмеуіне байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
уәкілетті орган деректерін әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің әкімшілік деректерімен салыстыру және салыстырып тексеруі арқылы анықталатын әкімшілік дереккөздердің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік деректердің өтеусіз негізде ұсынылмауына байланысты, оның ішінде бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша;
әкімшілік деректер көрсеткіштерінің басқа да ресми дереккөздердің, оның ішінде ЭӘШБЕА БҚ деректер қорының АШЖ ДҚ (15%-дан жоғары), ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ (15%-дан жоғары) деректерімен сәйкессіздігіне байланысты;
бақылау субъектілеріне барып алдыңғы профилактикалық бақылаудың негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу бойынша уәкілетті орган белгілеген талаптардың сақталмауына байланысты (бес және одан артық ескерту бар болса) байланысты бұзушылықтар;
Тармақша 7
7) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешені;
Тармақша 8
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – мемлекеттік сатистика саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланысты емес бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 9
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі - субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 10
10) тексеру парағы – орындалмауы адам өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін бақылау субъектісінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;
Тармақша 11
11) уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы;
Тармақша 12
12) электрондық шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету - кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне шаруашылық бойынша есепке алу деректерін енгізуді, түзетуді және сақтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ енгізілген ақпарат негізінде агрегатталған деректерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік статистика саласындағы бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Объективті өлшемшарттар
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 4
4. Объективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
Тармақша 1
1) тәуекелді айқындау;
Тармақша 2
2) бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) топтастыру және бөлу кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды жоғары тәуекел тобына жатқызу, ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде әкімшілік дереккөздер ұсынған анық емес әкімшілік деректерді пайдалану нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің неғұрлым ықтималдығы негізінде объективті өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жоғары тәуекел дәрежесіне статистикалық қызметті қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеушілік, іске асырушылық немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу және өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар жатады.
Тармақ 7
7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандарға статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері жатады.
Тармақ 8
8. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау қолданылады.
Тармақ 9
9. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау қолданылады.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 10
10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау:
Тармақша 1
1) бақылау субъектілері бойынша анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, деректер базасын қалыптастыру;
Тармақша 2
2) бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізуге жататын бақылау субъектілерін айқындау мақсатында ақпаратты талдау кезеңдерін қолдана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері:
Тармақша 1
1) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері;
Тармақша 2
2) бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады. Бұзушылықтың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді.
Тармақ 12
12. Қолда бар ақпарат көздері негізінде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша; кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша осы Өлшемшарттарға 1, 2-қосымшаларға сәйкес тәуекелдер дәрежесі айқындалады.
Тармақ 13
13. Субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне: өрескел, елеулі және елеусіз болып бөлінеді.
Тармақ 14
14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі уәкілетті органның субъективті өлшемшарттар бойынша ресми дереккөздерден алған деректеріне жүргізілетін талдау, мониторингілеу және салғастыру нәтижелері бойынша және жылына бір реттен көп емес айқындалады.
Тарау 4. 4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
4-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
Тармақ 15
15. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесі көрсеткішін айқындау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтар саны.
Елеусіз бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
∑Рн – елеусізбұзушылықтаркөрсеткіші;
∑Р1 – елеусіз бұзушылықтардың талап етілетін саны;
∑Р2 – анықталған елеусіз бұзушылықтар саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және елеусіз бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
мұндағы:
∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
∑Рз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
∑Рн – елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.
Бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша:
Тармақша 1
1) жоғары тәуекел дәрежесіне - 61-ден 100 қоса алғанда тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізіледі;
Тармақша 2
2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған - 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде және оған қатысты бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау жүргізілмейді.
Тармақ 16
16. Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімі негізінде жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Аумақтық статистика органдары мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылған бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылаужүргізудің жартыжылдық тізімі негізінде құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы аумақтық органдарында орналасқан жерлері бойынша бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау актісін тіркеуді жүзеге асырады.
Басқа 1-1. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар
Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
1- қосымша
Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты субъективті өлшемшарттар
№
Өлшемшарттар
Бұзушылықдәрежесі
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері
1.
Әкімшілікдеректердіжинауға арналған келісілмеген нысандар
өрескел
2.
Көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелері
өрескел
3.
ҚазақстанРеспубликасыныңтехникалықреттеусаласындағызаңнамасындабелгіленгентәртіппенуәкілетті органәзірлегенұлттықжіктеуіштердіқолданбау
елеулі
4.
Уәкілетті орган деректерін әкімшілік дереккөздердің ақпараттық жүйелерінің және (немесе) басқа да ресми дереккөздердің әкімшілік деректерімен салыстыру және салыстырып тексеруі арқылы анықталатын әкімшілік дереккөздердің анық емес әкімшілік деректерді ұсынуы
өрескел
5.
Уәкілетті орган белгілегентәртіппенжәнемерзімдерде әкімшілікдеректерді әкімшілік дереккөздердіңөтеусізнегіздеұсынбауы
өрескел
6.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болмауы
елеусіз
7.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды толтыру жөніндегі түсіндірулердің болмауы
елеусіз
8.
Әкімшілік деректердің басқа ресми дереккөздер деректерімен сәйкессіздігі
елеулі
9.
Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзексіздігі (жаңартылмауы)
елеусіз
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылаунәтижелері (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):
1.
Келісілген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау талаптарының сақталуы
өрескел
2.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы
өрескел
3.
Көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы
өрескел
4.
Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы
елеулі
5.
Әкімшілік деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
өрескел
6.
Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынуы бойынша талаптардың сақталуы
елеулі
7.
Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзектілігін (жаңартылуын) қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
елеулі
8.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болуын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
елеулі
9.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірудің болуын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
елеулі
Басқа 1-2. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты
субъективті өлшемшарттар
Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарына
2- қосымша
Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты
субъективті өлшемшарттар
№
Өлшемшарттар
Бұзушылықдәрежесі
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері
1.
ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы саны деректеріндегі айырмашылықтар 15%-дан жоғары
өрескел
2.
ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан 15%-ға дейін
елеулі
3.
ЭӘШБЕА БҚ-ның (жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал, түйе, шошқа) АЖБ ДБ мал басы санына қатысты деректеріндегі айырмашылықтар 5%-дан төмен
елеусіз
4.
ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 15%-дан жоғары
өрескел
5.
ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы ауданы шаршы метрмен) 5%-дан 15%-ға дейін
елеулі
6.
ЭӘШБЕА БҚ-ның ТҚСТ деректеріндегі айырмашылықтар (үй саны немесе жалпы алаңы шаршы метрмен) 5%-дан төмен
елеусіз
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылаунәтижелері
(бұзушылықтың ауырлық дәрежесі аталған талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді):
1.
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы бес және одан артық ескертулер орын алды
өрескел
Басқа 2. Мемлекеттік статистика саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 795 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік статистика саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға қатысты тексеру парағы
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт
_________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_________________________________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ___________________________________________________________
№
Талаптартізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1.
Келісілген нысан бойынша әкімшілік деректерді жинау бойынша талаптардың сақталуы
2.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы
3.
Көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органмен келісу бойынша талаптардың сақталуы
4.
Ұлттық жіктеуіштерді қолдану бойынша талаптардың сақталуы
5.
Әкімшілік деректердің анықтығын қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
6.
Уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімдерде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсынуы бойынша талаптардың сақталуы
7.
Әкімшілік дереккөздердің ресми Интернет-ресурстарында жарияланатын әкімшілік деректердің өзектілігін (жаңартылуын) қамтамасыз ету бойынша талаптардың сақталуы
8.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға титулдық парақтың болуы бойынша талаптардың сақталуы
9.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірменің болуы бойынша талаптардың сақталуы
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________
(лауазымы) (қолы)
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Бақылау субъектісінің басшысы _______________ ________
(лауазымы) (қолы)
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басқа 3. Мемлекеттік статистика саласында кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 795 бұйрығына 3-қосымша
Мемлекеттік статистика саласында кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатысты тексеру парағы
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
________________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне барып профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
________________________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы __________________________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1
Бақылау субъектісіне барып алдыңғы профилактикалық бақылау негізінде шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу кезінде Әдіснама талаптарының сақталуы бес және одан артық ескертулер орын алды
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ _________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Бақылау субъектісінің басшысы ___________________________ _________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)