Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции

Бұйрық · № 1-3/1102 · қабылданған 18.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98063/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции Күшін жойған Бұйрық ·№ 1-3/1102 ·18.12.2015
12.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1-3/1102 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции
Атауы (қаз.)
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-3/1102
Қабылданған күні
18.12.2015
Көрсетілген редакция
12.12.2024 98063_732407.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012890
ЭКБ идентификаторы
98063
Редакция идентификаторы
98063_732407
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:01

0 Органикалық өнім өндірушілердің

тізілімін жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Органикалық өнімді өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау органикалық өнім өндірісі жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 22 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 желтоқсан

8 Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсанда
№ 1-3/1102 бұйрығымен
бекітілген
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және органикалық өнім өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Тізілімді жүргізу органикалық өнім өндірушілерді есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.

2 2. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі

3 3. Тізілімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын деректер негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді.

4 4. Органикалық өнім өндірушілер Тізілімде қазақ және орыс тілінде алфавиттік тәртіппен орналасады.

5 5. Тізілімді жүргізу:

1 1) органикалық өнім өндірушілер туралы деректерді Тізілімге алғашқы рет енгізу;

2 2) Тізілімді апта сайын жаңарту;

3 3) Тізілімді Министірліктің интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

6

6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сәйкестікті растау жөніндегі органдардан органикалық өнім өндірудің және органикалық өнімнің сәйкестігін растау мен инспекциялық бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Министрілікке Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы деректер ұсынады.

7 7. Министрліктің органикалық өнім өндіру мәселелері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан деректерді алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде деректерді Министріліктің интернет-ресурсында орналастырады.

21 Органикалық өнім

өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
қосымша
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі
Нысан
р/с №
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­ты­ның бе­рі­л­ген кү­ні, тір­кеу нө­мі­рі және әре­кет ету мер­зі­мі
Өн­ді­ру­ші
Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
Қыз­мет тү­рі
Сер­ти­фи­кат­тал­ған ор­га­ни­ка­лық өнім­нің ата­уы
Ор­га­ни­ка­лық өнім өн­ді­рі­сін­де пай­да­ла­ны­л­ған ши­кі­зат ту­ра­лы де­ректер *
Сәй­кест­ік сер­ти­фи­ка­тын бер­ген сәй­кест­ікті рас­тау жө­нін­де­гі ор­ган­ның ата­уы және ме­кен­жайы
Оған сәй­кестен­ді­ру үшін сер­ти­фи­кат­тау жүр­гі­зі­л­ген құ­жат­тың ата­уы
Ті­зі­лім­ге ен­гі­зу кү­ні
Өн­ді­ру­ші
Нақ­ты ор­на­лас­қан же­рі
Қыз­мет тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
* – өңдеу кәсіпорындары толтырады

Қолданыстағы