Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы аттестата энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Бұйрық · № 1122 · қабылданған 30.11.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 03.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98066/on/2026-09-03/
Басып шығарылды 2026-09-03 · adilet.kz
Об утверждении формы аттестата энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Күшін жойған Бұйрық ·№ 1122 ·30.11.2015
10.06.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
03.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы аттестата энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1122 · 03.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы аттестата энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1122
Қабылданған күні
30.11.2015
Көрсетілген редакция
10.06.2024 98066_703303.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012547
ЭКБ идентификаторы
98066
Редакция идентификаторы
98066_703303
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:22

0 Энергия үнемдеу және энергия

тиімділігін арттыру саласындағы
энергия аудиторы аттестатының
нысанын бекіту туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 13-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторы аттестатының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет - ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет - порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 10 желтоқсан

0 Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1122 бұйрығымен
Бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
__________________________________________________________________
Уәкілетті органның толық атауы
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының АТТЕСТАТЫ
Аттестаттау түрі: бастапқы -□;
№____________
қайтадан-□
________ _________
(жылы) (күні)
Осы аттестат______________________________, ____________
(аттестатталған тұлғаның толық Т.А.Ә.А.) (туған күні)
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _______________________________________
оның рұқсат беру талаптарына сәйкес екендігіне берілді.
Аттестаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл.
Аттестат Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
М.О.
___________________________ _______________________ _____________
уәкілетті органның басшысы лауазымы Т.А.Ә. А. қолы

Қолданыстағы