О внесении изменений в некоторые постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45/78
- Қабылданған күні
- 23.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.08.2018 98076_351557.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012910
- ЭКБ идентификаторы
- 98076
- Редакция идентификаторы
- 98076_351557
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:42
0 Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер енгізілетін қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2015 жылғы 23 желтоқсан № 45/78
қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
өзгерістер енгізілетін қаулыларының тізбесі
1 1. «Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 15/214 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 844 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 37-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
аталған қаулымен бекітілген Сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің Ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеребе тарту Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі – Орталық сайлау комиссиясы) отырысында өткізіледі.».
2
2. «Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 31 тамыздағы № 131/167 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3059 болып тіркелген):
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелерін бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына, 50-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері бекітілсін.»;
аталған қаулымен бекітілген Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерде:
жоғарғы оң бұрышта «Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсетуге маманға рұқсат берудің тәртібі жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» деген сөздер алып тасталсын;
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету үшін маманға рұқсат берудің ережелері»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дербес компьютермен жұмыс машығы;».
3
4
4. «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 11/236 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9686 болып тіркелген, 2014 жылы 14 тамызда «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
аталған қаулымен бекітілген Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларында:
1-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссияларының партиялық тiзiмдер бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттамалары;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сайлау комиссияларының бекітілген іс номенклатураларына сай белгіленген мерзім өткеннен кейін сақтауға жатпайтын құжаттар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10129 болып тіркелген) сәйкес оларға алдын ала сараптама жасаған адамдар растаған және тиісті сайлау комиссиясының төрағасы бекіткен акт бойынша жойылады.».