Об установлении единых ставок фиксированного налога по Уйгурскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога по Уйгурскому району
- Атауы (қаз.)
- Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54-4
- Қабылданған күні
- 22.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2018 98110_338729.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15DS003676
- ЭКБ идентификаторы
- 98110
- Редакция идентификаторы
- 98110_338729
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:50
0 Ұйғыр ауданы бойынша
бірыңғай тіркелген салық
мөлшерлемелерін белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Манапова Арзигуль Гопуровнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ұйғыр аудандық мәслихатының
2015 жылғы 22 желтоқсандағы
«Ұйғыр ауданы бойынша бірыңғай
тіркелген салық мөлшерлемелерін
белгілеу туралы» № 54-4
шешіміне қосымша
Қызметін Ұйғыр ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Р/
№
Салық салу объектісінің
атауы
Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
1
2
3
1.
Бір ойыншымен ойын өткізуге
арналған, ұтыссыз ойын
автоматы
3
2.
Біреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткізуге
арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
3.
Ойын өткізу үшiн
пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
6
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
8