Құжат мәтініне өту

Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих в сфере энергетики

Бұйрық · № 665 · қабылданған 25.11.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98128/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих в сфере энергетики Қолданыста Бұйрық ·№ 665 ·25.11.2015
14.01.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих в сфере энергетики

Қолданыста Бұйрық ·№ 665 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих в сфере энергетики
Атауы (қаз.)
Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
665
Қабылданған күні
25.11.2015
Көрсетілген редакция
14.01.2020 98128_438876.kaz
Соңғы өзгеріс
14.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012567
ЭКБ идентификаторы
98128
Редакция идентификаторы
98128_438876
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 12:26

0 Энергетика саласындағы азаматтық

қызметшілер лауазымдарының
тізілімін бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабынын 5 - тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Энергетика саласындағы азаматтық қызметшілердің тізілімі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгенінен кейін он күнтiзбелiк күн оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

5

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3), және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму Министрі
__________________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 28 қараша

0 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 665 бұйрығымен
бекітілген
Буын
Саты
Лауазымдар атауы
А блогі (Басқарушы персонал)
А1
1
ММ басшысы
А1
1-1
ММ басшысының орынбасары
А2
1
ММ құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары
А2
1-1
ММ құрылымдылық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
В блогі (негізгі персонал)
В2
4
Санаты жоқ біліктілік деңгейі жоғары негізгі персоналдың мамандары: бухгалтер
В3
4
Санаты жоқ біліктілік деңгейі орташа негізгі персоналдың мамандары: бухгалтер
Блог С (әкімшілік персонал)
С2
Әкімшілік функцияларды атқаратын бiлiктiлiк деңгейі жоғары мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер
С3
Әкімшілік функцияларды атқаратын бiлiктiлiк деңгейі орташа мамандар: бухгалтер, кадр жөніндегі инспектор, заңгер
Ескерту: аббревиатураларды толық жазу:
ММ – мемлекеттік мекеме.

0.1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің бөлінуі

Энергетика саласындағы
азаматтық қызметшілер
лауазымдарының тізіліміне
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің бөлінуі
I. Республикалық маңызы бар мекемелерге:

1 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Капиталмұнайгаз» мемлекеттік мекемесі жатады.

Қолданыстағы