Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налог по ставкам физических лиц по объектам налогообложения, предоставленным в рамках реализации отраслевой программы развития регионов по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня юридических лиц, исчисляющих налог по ставкам физических лиц по объектам налогообложения, предоставленным в рамках реализации отраслевой программы развития регионов по договорам долгосрочной аренды жилища физическому лицу, являющемуся участником такой программы
- Атауы (қаз.)
- Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 793
- Қабылданған күні
- 25.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2018 98132_303115.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012922
- ЭКБ идентификаторы
- 98132
- Редакция идентификаторы
- 98132_303115
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:33
0
Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықты жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің
398-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесінің жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_________ Б. Сұлтанов
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 793
бұйрығымен бекітілген
Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке
тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі
№
Заңды тұлғалардың атауы
1
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы
2
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы
3
«Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы