Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области

Ереже · № 400 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98151/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 400 ·22.12.2015
11.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 400 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Адаевка Камыстинского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
400
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
11.03.2020 98151_448305.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15NK006165
ЭКБ идентификаторы
98151
Редакция идентификаторы
98151_448305
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:51

0 Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 - бабы 6 - тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 400 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының (бұдан әрі – Адаевка ауылы) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3- бабының 6 - тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Адаевка ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Адаевка ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Адаевка ауылының әкімі шақырады.

Қамысты ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шакырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Адаевка ауылы шегінде бөлек жиынды өткізуді Адаевка ауылының әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Адаевка ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Адаевка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Адаевка ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Адаевка ауылының тұрғындары өкілдерінің кандитаруларын Қамысты аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Адаевка ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Адаевка ауылы әкімінің аппаратына береді.

17 Мәслихаттың

2015 жылғы «22» желтоқсандағы
№ 400 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Қамысты ауданы Адаевка ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамы

Елді мекеннің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
1
Адаевка ауылы
21

Қолданыстағы