Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/04
- Қабылданған күні
- 28.10.2015
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2024 98183_741187.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15KF003527
- ЭКБ идентификаторы
- 98183
- Редакция идентификаторы
- 98183_741187
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:52
0 Коммуналдық мүлікті иеліктен
айыру түрлерін таңдау жөніндегі
критерийлерді айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының 3 тармағына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жыл «28» қазан
№ 25/04 қаулысына
қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
№ р/с
Критерийлер атауы
Иеліктен айыру түрлері
1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекеттің мүддесінің болмауы;
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
ең жоғары мүмкін баға бойынша жекешелендіру объектісін сату және саудаға қатысушылардың кең тобын тарту қажеттілігі.
Сауданы аукцион нысанында өткізу
2
Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы төлемдері бойынша берешектерді өтеу және өзге де шарттар);
ең жоғары баға бойынша жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі.
Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу
3
Сенімгерлік басқарудың, сенімгер басқарушымен, жалға алушымен (жалдаушымен) кейін сатып алу құқығымен мүліктік жалға (жалдауға) беру шартының талаптарын орындау үшін мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі.
Тікелей атаулы сату