Құжат мәтініне өту

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Сырдарьинского района

Ереже · № 366 · қабылданған 22.12.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98186/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Сырдарьинского района Қолданыста Ереже ·№ 366 ·22.12.2015
21.10.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Сырдарьинского района

Қолданыста Ереже ·№ 366 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Сырдарьинского района
Атауы (қаз.)
Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366
Қабылданған күні
22.12.2015
Көрсетілген редакция
21.10.2024 98186_725894.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LH005306
ЭКБ идентификаторы
98186
Редакция идентификаторы
98186_725894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:50

0 Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесiн бекiту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi бақару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса берiлген Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекiтiлсiн.

2 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 2015 жылғы 22 желтоқсандағы

Сырдария аудандық мәслихатының
№ 366 шешiмiмен бекiтiлген
Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1 1. Жалпы ереже

1

1. Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртiбiн анықтайды.

2 2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

2

2. Сырдария ауданының Құрмет грамотасымен (әрi қарай – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылым мен мәдениеттегi, бiлiм беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету салаларындағы, жастарға тәрбие беру жұмыстарындағы, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару қызметтерiн дамытудағы елеулi жетiстiктерi, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметi және белсендi еңбегi мен қоғамдық-саяси қызметi үшiн және өзге де сiңiрген еңбектерiн ардақтау белгiсi ретiнде аудан азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары наградталуы мүмкiн.

3 3. Құрмет грамотасы:

1 1) үмiткердi ұсыну сәтiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте соттылық мерзiмi өтелмеген немесе алынбаған;

2 2) сот арқылы iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

3 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiкке тартылған;

4 4) үмiткердi ұсыну сәтiнде заңнамамен белгiленген тәртiпте әкiмшiлiк жазасы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар наградталмайды.

4 4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргiзiлмейдi.

3 3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртiбi

5

5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыным аудан әкiмдiгiне ұсынылады және онда ұсынылушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, айы, жылы, бiлiмi туралы, жұмыс орны мен атқаратын қызметi туралы мәлiметтер, саладағы және тиiстi ұйымдағы сәйкес кәсiбi немесе лауазымы бойынша жалпы еңбек стажы, еңбек жолы мен жетiстiктерi туралы, наградтары мен құрметтi атақтары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

6 6. Құрмет грамотасымен наградтау жөнiндегi ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкiлдi және атқарушы органдар, қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың басшылары енгiзедi.

7 7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетiмен ұсынған азаматтардан келiп түскен материалдар қаралмайды.

8 8. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келiп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнiнде ұсыныс әзiрленуi үшiн 10 күн бұрын наградтау жөнiндегi аудан әкiмi жанындағы комиссияға (бұдан әрi – Комиссия) жiберiледi.

Комиссияның оң қорытындысына сәйкес 5 күн ішінде аудан әкiмi мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың мiндеттерiн атқарушының) бiрлескен өкiмiн шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешiм қабылданады.

9 9. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргiзiледi. Құрмет грамотасын аудан әкiмi немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.

10 10. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шаралары мен наградталған тұлғалардың есебiн "Сырдария ауданы әкiмiнiң аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргiзедi.

Қолданыстағы